Садақаға қол салғандар

Ардан безгендер енді Арыс- танбаб кесенесіне зиярат етушілерден түскен садақаны талан-таражға салған

Ардан безгендер енді Арыс- танбаб кесенесіне зиярат етушілерден түскен садақаны талан-таражға салған. «Отырар» қорық-мұражайының 2010 жылдан бергі қаржылық құжаттарын тексеру кезінде прокурорлар мемлекетке тиесілі бір миллион теңгенің қолды болғанын анықтады.

Арыстанбаб кесенесі
Арыстанбаб кесенесі

«Отырар» қорық-мұражайындағы дау былтыр басталған еді. Қызметкерлер іссапарға шығатын қаржы берілмейтінін айтып арызданған. Сол кезде тағайындалған жаңа директорға, әсіресе «Арыстанбаб» кесенесінің 4 қараушысы қатты өкпелі болатын. Айтуларынша жаңа келген басшы ай сайын ақша талап етіп отырады екен.

Басшы сұраған ақшаны қарызданып, қауғаланып тауып беруден шаршаған шырақшылар сол кезде қаржы полициясына арызданған. Сөйтіп, былтыр мамыр айында директор тұтқындалған еді. Мұражайға тексеру жүргізіліп, біраз қаржының мақсатсыз жұмсалғаны да анықталды. Алайда, қылмыстық іс қозғалмаған. Өйткені, бастық бар былықты өзінің орынбасарына жүктеген болатын.

«Отырар» қорық-мұражайының 2010 жылдан бергі қаржылық құжаттарын тексеру кезінде прокурорлар мемлекетке тиесілі бір миллион теңгенің қолды болғанын анықтады
«Отырар» қорық-мұражайының 2010 жылдан бергі қаржылық құжаттарын тексеру кезінде прокурорлар мемлекетке тиесілі бір миллион теңгенің қолды болғанын анықтады

– Ақпан айында болу керек, сол кезде 60 мың теңге сұрады бізден. Жарайды, тауып бердік жинап, – дейді «Отырар» археологиялық қорық-мұражайының қараушысы Нұрсұлтан Зәрнәби. – Одан кейінгісін, енді шындығын айту керек, дәл мұндай бопып кетеді деп ешкім ойлаған жоқ. Сұраған соң, тағы 40 мың теңге бердік. Тағы сұрады 30 мың теңге. Тағы бердік. Лаж жоқ. «Таппасаң шара қолданамын» деген әңгімелер айтылды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=5Q5bNGrsnl0[/youtube]

«Маған ол «ақшаны өзің мойныңа ал да, көзіме көрінбей құрып кет», деген болатын», – дейді «Отырар» археологиялық қорық-мұражайы директорының бұрынғы орынбасары Нұрлан Сыздықов тергеу барысында берген түсініктемесінде.

Қызметкерлердің құзырлы органдарға арыздануы көбейген соң, «Отырар» мұражайына бұл жолы прокуратура тексеру жүргізген. Мекеменің 2010-шы жылдан бергі қаржылық құжаттарын қарап шыққан бақылаушы орган мемлекетке тиесілі бір миллион теңгенің қолды болғанын анықтады.

Ардан безгендер енді Арыс-                    танбаб кесенесіне зиярат етушілерден түскен садақаны талан-таражға салған
Ардан безгендер енді Арыс- танбаб кесенесіне зиярат етушілерден түскен садақаны талан-таражға салған

– Прокурорлық тексеру нәтижесінде осы мемлекеттік мекеменің лауазымды иелерінің мемлекет қаржысын талан-таражға салған фактілері анықталып, ол бойынша біз екі қылмыстық іс қозғадық, – дейді Отырар ауданының прокуроры Сәбит Ақтаев.

Бұл даудың басы ғана болып шықты. Тергеу жүргізген қаржы полициясы тағы екі қылмыстық іс қозғаған. Қазір «Отырар» қорық-мұражайының бұрынғы екі басшысы мен есеп-қисап бөлімінің екі қызметкері тергелуде. Істің қай насырға шабатының тергеу амалдары аяқталған соң білетін боламыз.

Бекжігіт МӘУЛЕНОВ