Түркістан қаласында түнгі той-жиындардың 23:00-ден кейін тоқтатылуы қадағаланады

334

Айлардың сұлтаны -рамазан айы басталды. Биыл 6 мамырдан 4 маусымға дейін ораза күндері болып, 39 күнге жалғасады. Бұл туралы Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамберді мәлімдеді.

Шариғат бойынша балиғат жасына толған, ауру-сырқаттан дін аман әрбір мұсылманға бұл айда ниет етіп, нәпсіні тыю парыз. Биыл өңіріміздегі 723 мешіт құлшылық етуге келген барша азаматтарға тарауих намазынан кейін жамағатты үйге тегін жеткізетін көліктер қарастырмақ.

Сонымен қатар, Түркістан қаласында түнгі той-жиындардың 23:00-ден кейін тоқтатылуы қадағаланады. Тағы бір айта кетерлік мәлімет. Қадір түні 31 мамырдан 1 мауысымға қараған түні болады. Биылғы жылғы пітір садақа мөлшері – 300 теңге.

Мұсабек Ақтамберді, Түркістан облысының бас имамы: «Пітір садақаны Қазақстан діни басқармасы республика көлемінде ұн мен бидайдың базардағы ортақ құнын шығара отырып, ортақ бағаны белгіледік. Алайда, бұл бағаға қатып қалған ештеңе жоқ. Оны құрманың, мейіздің, бидай, ұн, арпаның бағасымен берсе де болады».

Айя Мүтәлі