Шардара балық зауыты жаңарып жатыр

510
Шардара балық зауыты

Шардара балық зауытын қайта жасақтап, жаңарту жұмысы аяқталуға жақындады. Әбден тозығы жеткен өндіріске балық өңдейтін құрал-жабдықтар сатып алынған.

Шардара балық зауыты
Шардара балық зауыты

Мұның барлығы «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы қаржыландырылып отыр. Бүгінгі таңда жоба басшысы өз қаржысымен балық өңдеу қондырғыларын әкеліп, жаңарту жұмыстарын жүргізуде. Жобаның жалпы құны 182 миллион теңгені құрайды. Жылына мың тонна балық өңдейтін зауыт 100-ден астам шардаралықтарды жұмыспен қамтымақ.

Қамытбек Айтөреев, Шардара ауданының әкімі: «Шардара балық» — ескі зауыт. Соның модернизациялау жұмысын аяқтап, биыл өндірісті жаңадан ашайын деп отырмыз. Оған қосымша қаладан индустрияландыру аймағы ашылды. Бұл бағдарламаның халықтың әлеуетін көтерудегі рөлі маңызы.»