Шымкентте асыл тұқымдас иттердің көрмесі өтті. Бұл іс-шара қаладағы Металлургтер саябағында ұйымдастырылған. Таңертеңнен мұнда 80-ге тарта ит жиналды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы сайыстың деңгейі — ерекше. Себебі, алғаш рет иттердің өнерін сынау үшін Ресейден мамандар шақырылыпты. Оған қоса көрмеге жиналған иттердің саны да артып отыр.
Үй жануарлары өз иелерімен бірге алаңды айналып жүгіріп, өнерлерін көрсетуі тиіс. Одан кейін түрлі кедергілерден секіріп өту, қарапайым жаттығуларды орындау секілді тапсырмалар бар.
Жарыс кешке дейін созылды. Төрешілердің бірауызды шешімімен Бордос догы мен Тараздан келген Алабай тұқымдас иті жеңімпаз деп танылды.