Шұғыл түсірілім

Шымкентте тағы да базар өртенді! Қаладағы Гагарин көшесінің бойында орналасқан «Жабық» базардағы 4 жайма сауда орны және 6 дүңгіршек күлге айналды.

Шұғыл түсірілім
Шұғыл түсірілім

Сауда орындарындағы заттар мен сатушылардың қоймасындағы шаруашылық тауарлар өртеніп кетті. Қызыл жалын 108 шаршы метр жерді шарпыған. Тілсіз жауды ауыздықтауға 69 өрт сөндіруші мен 10 арнайы техника жұмылдырған. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері және келген материалдық шығын көлемі анықталуда.