Шымкентте көптен күткен жәрмеңке қайта өткізіле бастады. Қалалықтар ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей дихандардың өздерінен сатып алуды сағынып қалған болатын. Енді, міне, жәрмеңке қаламызды қайта ұйымдастырыла бастады.
Бір айта кетерлігі, жәрмеңке әдеттегідей Қонаев даңғылының бойында емес, бұл жолы Әл Фараби алаңының бір шетінде ұйымдастырылды. Оған жүргізушілердің шағымы себеп болса керек. Автокөлік иелері Қонаев даңғылының бойындағы кептелістерден әбден зәрезап болғандарын айтып, билікке шағымданған. Сондықтан көптен күткен жәрмеңке Әл Фараби алаңында өткізілді.
Тауарды өндірушінің өзінен сатып алуды қалаған қалалықтардың қарасы қалың. Әсіресе, ет және шұжық өнімдеріне кезек көп. Бағасы да қалтаға салмақ түсірмейді дейді жерлестеріміз.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=RHnDTCNSRFg[/youtube]
Ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлікті арзандатып ұсынуға сатушылардың өздері де қарсы емес. «Өзгелер қымбат сатқанша, өз өнімімізді өзіміз арзан таратайық» деген өндірушілер тұтынушымен тікелей жүздескеніне разы.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=RJlbaA4Ib2w[/youtube]
Айта кету керек, бұған дейінгі мұндай жәрмеңке Қонаев даңғылында өткізіліп келген болатын. Алайда, жаз келген соң сатушылардың сатитарлық талаптарды орындамауына байланысты сауда-саттық тоқтатылған. Енді қайта өткізілген жәрмеңкеге қатысушыларға қойылар талап қатаң.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=J1iuYIUx9g4[/youtube]