Шымкенттік екі боксшы Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Біржан енді алтын медаль үшін таласқа түседі

Алматыда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Шымкенттің екі боксшысы байрақты доданың жартылай финалына жолдама алды. Ол дегеніміз — жерлестеріміз кемінде қола медальға ие болуы тиіс. Алайда Оңтүстік халқы Біржан Жақыпов пен Қайрат Ералиевтен тек алтын медаль күтіп отыр.

Біржан енді алтын медаль үшін таласқа түседі
Біржан енді алтын медаль үшін таласқа түседі

49 келіде жұдырықтасатын Біржан Жақыпов 19 жастағы Солтүстік Америка чемпионатының қола жүлдегері Энтони Чакон Риверамен (Пуэрто-Рико) кездесіп, үш раундта да басым түсті. Есеп — 3:0.

Ал 56 келілік Қайрат Ерәлиев Лондон олимпиадасы мен Солтүстік Америка чемпионы Робейси Рамирес Карразанамен (Куба) рингке шығып, алғашқы раундта басым түсті. Екінші раундта екі төреші жеңісті кубалыққа берді. Ал шешуші үшінші раунда төрешілер жеңісті Қазақ жігітіне берді. Осылайша Қайрат Ералиев жартылай финалға шықты. Қайраттың ендігі қарсыласы әзірбайжан боксшысы Жавид Шалабиев болмақ.

Жартылай финал алдында боксшыларға бір күндік демалыс беріліп отыр. Қазанның 25-і күні жерлестеріміз қайтадан ринг төріне шығады. Ал Оңтүстік астанада өтіп жатқан доданың ақтық кездесулері сенбі күнге жоспарланған. Ендеше, жігіттерге сәттілік жолдас болсын дейміз!