Тастанды қариялар көбейіп барады

Бүгінде мекемеде 259 адам тұрып жатыр. Олардың ішінде 134-і ер-азамат болса, 121-і әйел. І-ші топтағы мүгедектер саны – 50, ІІ-ші топтағылар – 52, ҰОС ардагері – 1, тыл еңбеккері – 36. Мекеме басшысы Махсутхан Дүйсебековтың сөзіне сүйенсек, мұнда 125 орыс, 90 қазақ, 12 украин, 12 татар, 2 кәріс, 5 башқұрт, 5 белорус және тағыда басқа ұлт өкілдері тұрады

Осыдан 23 жыл бұрын БҰҰ Бас Ассамблеясы 1-ші қазанды Халықаралық қарттар күні деп бекітті. Міне, содан бері елімізде бұл күн мереке ретінде аталып өтеді. Даталы күн қарсаңында облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесіне ат басын бұрып, қариялардың тыныс-тіршілігін көзбен көріп қайтқан едік.

Бүгінде мекемеде 259 адам тұрып жатыр. Олардың ішінде 134-і ер-азамат болса, 121-і әйел. І-ші топтағы мүгедектер саны – 50, ІІ-ші топтағылар – 52, ҰОС ардагері – 1, тыл еңбеккері – 36. Мекеме басшысы Махсутхан Дүйсебековтың сөзіне сүйенсек, мұнда 125 орыс, 90 қазақ, 12 украин, 12 татар, 2 кәріс, 5 башқұрт, 5 белорус және тағыда басқа ұлт өкілдері тұрады.

Бүгінде мекемеде 259 адам тұрып жатыр. Олардың ішінде 134-і ер-азамат болса, 121-і әйел.  І-ші топтағы мүгедектер саны – 50, ІІ-ші топтағылар – 52, ҰОС ардагері – 1, тыл еңбеккері – 36.  Мекеме басшысы Махсутхан Дүйсебековтың сөзіне сүйенсек,   мұнда 125 орыс, 90 қазақ, 12 украин, 12 татар, 2 кәріс, 5 башқұрт,  5 белорус және тағыда басқа ұлт өкілдері тұрады
Бүгінде мекемеде 259 адам тұрып жатыр. Олардың ішінде 134-і ер-азамат болса, 121-і әйел. І-ші топтағы мүгедектер саны – 50, ІІ-ші топтағылар – 52, ҰОС ардагері – 1, тыл еңбеккері – 36. Мекеме басшысы Махсутхан Дүйсебековтың сөзіне сүйенсек, мұнда 125 орыс, 90 қазақ, 12 украин, 12 татар, 2 кәріс, 5 башқұрт, 5 белорус және тағыда басқа ұлт өкілдері тұрады

– Әр адамға өз туған ата-анасынан жақын адам жоқ. Өкінішке орай, тар құрсағын кеңейтіп, тас емшегін жібітіп, түн ұйқысын төрт бөлген аналар мен баласын мойнына отырғызып, маңдайынан иіскеген әкелердің қарттар үйін паналап жүргені ащы болса да шындық,- дейді ОҚО қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінің басшысы Махсутхан Дүйсебеков.- Біздің мекемеде перзенттері ата-аналарынан немесе ата-аналары балаларынан заң жүзінде бас тартқан, қамқорлық жасуға кәмілет жасына толған туыстары жоқ тұлғалар мен 16 жастан асқан мүгедектер жолдама арқылы қабылданады. Жолдаманы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі береді. Бізде тұратындарға мекемеміздегі медициналық ұжым екі ауысымда күні-түні кезекшілік арқылы қызмет көрсетеді. Интернат тұрғындарының басым көпшілігі мүгедектер. Сондықтан да ұжым қызметкерлері оларды қолдан тамақтандырады, шомылдырып, киім-кешектерін ауыстыруға көмектеседі. Мұнда тіпті, төсек тартып жатқандар да бар.

Жалпы жағдайға қаныққан соң Махсутхан Дүйсебековпен бірге қарттар және мүгедектер үйін аралап көрдік. Жалпы көлемі 2,5724 шашы метр жерді алып жатқан мекемеде 2 қабатты 3 ғимарат орналасқан. Алма, өрік, шабдалы, жүзім бағы да жайқалып тұр. Мекеменің ауласы мұнтаздай таза. Жаппалар мен субұрқақтар ауланың сәнін кіргізсе, раушан гүлдердің иісі мұрын жарады. Мекеме бағын аралай жүріп, жаппа астында қол ұстасып, сырласып отырған ата мен әжені көзім шалды. Олар ерлі-зайыпты Исламқұл Әліпжанов пен Любовь Дебелева екен. Интернатқа келгендеріне 2 жылдың жүзі болыпты. Исламқұл атаның балалары бар. Дегенмен, қартайған шағында жалғыз өзі тұруды қалап, перзенттерінен бас тартып, өз үйінен кетіп қалған. Осында келгелі Люба әжеймен танысып, некеге тұрғандарына 6 жыл болған. Ерлі-зайыптылар мекемеде өздеріне жасалған жағдайға дән риза екенін айтады. Махсутхан Дүйсебековтың айтуынша, қарттар үйінде көңіл қосып жатқандар аз емес. Оларға жеке бөлме қарастырылған. Келесі кезекте қариялардың жатын бөлмесіне атбасын бұрдық. Ұзын дәлізбен жүріп өткенде, беттерін қат-қабат әжім торлаған, ақ самайлы ата-әжелерді көрдім. Ақсақалдар шахмат, карта ойнаса, апалар әңгіме-дүкен құрып, теледидар тамашалап отыр. Өткен-кеткен адамдарға жалтақтап қарап қояды. Кәрілікке жетіп, бейнетінің зейнетін көріп, төрде отырып немерелерін шөлпілдетіп сүйюдің орнына қарттар үйін пана тұтқан ата-әжелерді көргенде көзіме еріксіз жас келді. Мемлекет қарияларға жайлы өмір кешуге барынша мүмкіндік жасағанымен, өз шаңырағыңда, ұл-қызың мен немере-шөбереңнің ортасында аман-есен отырғанға не жетсін.

Қарттар үйімен танысу барысында, 8000 кітап қоры бар кітапхананы да, заманауи құралдармен жабдықталған дене шынықтыру залы мен компьютер, сенсорлық, массаж бөлмелерін де аралап көрдік. Интернатта керек-жарақтың бәрі бар, қариялар мен мүгедектердің көңілін көтеру үшін ара-тұра концерттер де ұйымдастырылып тұрады екен.

Осындағы қариялардың қай-қасысын сөзге тартсаң да балаларына шаң жуытпайды. Бірі “балаларымызға кедергі болмайық деп рұқсат сұрап үйден кеттік” десе, екіншілері “үйдегі немерелердің шуынан шаршадық, тыныштық керек болған соң, отбасымыздан бас тарттық» дейді. Өздерін кінәлайды. Қартайғанда «Қарттар үйінен» пана тапқандарына іштей егілетіні анық. Қай жерден осалдық жіберді екен? Ұрпақ тәрбиесіне жауаппен қарайықшы, бүгін жұмысбастылықпен көбіміз баламызға мейірм, шапағат сыйлай алмай жүрміз. Реті келсе «бала күтушінің» тәрбиесіне сеніп тапсыра салғанды жөн санаймыз. Ертең ұл-қызымыз да бізден дәл осылай безініп, «Қарттар үйіне» жетектеп бармасына кім кепіл?!

Айжан ЕРМЕКҚЫЗЫ