Тексеру комиссиясының жаңа құрамын тағайындаудағы дау-дамайға нүкте қойылды

456
Дауға нүкте қойылды. Тексеру комиссиясының төрт мүшесі тағайындалды

Қазанға қақпақ кім болмақ? Облыстық тексеру комиссиясының құрамын тағайындау депутаттар арасында тартыс тудырғанына көп болды. Осы комиссияның құрамын бекіту кезінде халық қалаулылары бір-бірімен сөзге де келіп қалды. Ақыры мәслихаттың 18-сессиясында депутаттар ортақ мәмілеге келді. Күнгейдегі күллі қаржының қайда кетіп жатқанын қадағалайтын комиссияның құрамы  осылайша бекітілді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=CiiRIZ_ZZ58[/youtube]

Депутаттар тексеру  комиссиясының жаңа құрамына қатысты пікірлерін белсінді түрде білдірді. Тізімде 4 үміткер — 4 тағдыр. Тексеру комиссиясының жаңа төрағасы ұсынған дайын тізімдегі үміткерлерге халық қалаулылары қарсылық білдірді.

Аманолла Раманқұл, облыстық мәслихаттың депутаты: «Өткен шақырылымдағы ревкомиссияны біз өзіміз құрағанбыз. Төраға Алмабек Пірімбаев ақылдасып, комиссияға әр саланың маманы, ауданның өкілі енгізілген еді. Мен де мүшелікке тартысқан едім. Ал қазір ақылдаспай, бізге дайын тізімді ұсынасыз, дауыс бер деп. Біз олардың төртеуіне де дауыс бермейміз. Сізді отставкаға жіберуіге құқымыз бар. Төртеуінің біреуінің де үміткерлігі сессияда өтпесе, отставкаға кетесіз.»

Аманолла Раманқұл, облыстық Мәслихат депутаты: "Айтатын болсақ әңгіме көп қой. Кімнің ішкенін, жегенін , ....... оның не қажеті бар
Аманолла Раманқұл, облыстық мәслихаттың депутаты

Даудың көкесі жаңа құрамға енбеген бұрынғы қызметкелер төңірегінде өрбіді.

Дәурен Ахметов, облыстық мәслихаттың депутаты: «Алдында депутаттарға бұрынғы құрамдағы үш қызметкердің үміткерлігі ұсынылған еді. Олар жаңа құрамға енбепті. Сіз оларды шақырып, сөйлестіңіз бе? Жағдайды түсіндірсеңіз, олар да адам ғой, түсінеді. Олардың біреуінің бес баласы бар, оларды жұмыссыз қалай бағады? Енді келіп алып, дауыс беріңдер дейсіз.»

Біразға созылған ұрыс керістен кейін депутаттар дегеніне жетті. Әбдірахман Тасыбаев мүше болып, жаңа құрамға енгізілді. Тексеру комиссиясы бюджет қаржысының жұмсалуын қадағалайтынын ескерсек, ондағы әрбір маман қызметіне адал болуы тиіс. Әйтпесе, қазына қаржысы талан-таражға түседі дейді депутаттар.

Тұрақты комиссияның отырысында қызу тартысқа түскен мәселе облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында бір ауыздан қабылданды. Өйткені, тексеру комиссиясының құрамына депутаттар ұсынған бір адам ақыры енгізілді.

Дауға нүкте қойылды. Тексеру комиссиясының төрт мүшесі тағайындалды
Дауға нүкте қойылды. Тексеру комиссиясының төрт мүшесі тағайындалды