Жаңғыртудың тиімділігі көп

Әнуар Ілеспаев
Әнуар Ілеспаев

Елімізде бірыңғай жинақтаушы қор құрылғаны белгілі. Бұрын түрлі зейнетақы қорларына төлемдер аударып келген азаматтар бұл жүйенің жаңалықтарын әлі де түсінбей отырғаны анық. Осыған орай, біз бүгін ОҚО Бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының басшысы Әнуар ІЛЕСПАЕВтың (суретте) түсіндірмесін беріп отырмыз.

Жаңғырту зейнетақымен қамсыздандырудың көпдеңгейлі жүйесін сақтай отырып жүзеге асырылады. Қажетті және өзара байланысты өзгерістер базалық деңгейде жүргізілетін болады, ал міндетті деңгейде – ынтымақты, жинақтаушы және ерікті құрамдас бөліктерде жүргізіледі.

Алдағы өзгерістер тұрғындар мен зейнеткерлердің қандай топтарына бағытталатын болады?

Зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерінің ерекшелігі бүкіл және әрбір адамға қатысты болатындығында: бүгінгі зейнеткерлерді де, зейнетке шығу құқығына әлі еңбек сіңіретіндерге де, әйелдер мен ер кісілерге; жұмыс істейтіндер мен жұмыссыздарға, азаматтық тұрғындар мен әскерилер және т.б. қатысты болады.

Осыған орай, алдағы өзгерістер мемлекет, жұмыс беруші және тікелей азаматтардың арасында қарттық туындаған кезде қажетті қамтамасыз етуге жауапкершілікті бөлуді көздейтін адам мүддесінде жүзеге асырылады.

Жаңғырту бағыттары

1. Қолданыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі институционалдық өзгерістер, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын ұйымдастырудың және оның қызметіндегі ерекшеліктер.

2. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына ауыстыру.

3. Әйелдердің зейнеткерлік жасын 2018 жылдан бастап кезең-кезеңімен ұлғайту.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКА-СЫНДАҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ МОДЕЛІ, ОНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІ

Бүгінгі таңда Қазақстанда базалық, міндетті және ерікті деңгейлерден тұратын көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді.

43-027

Базалық деңгейде зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға (ынтымақты (01.01.1998ж.) және жинақтаушы зейнетақы жүйесінде қатысуды ескергенде) базалық зейнетақы төлемі (БЗТ) төленеді. Бұл төлем еңбек өтіліне және алдын алған табыс-тарына қарамастан, барлық мөлшерде біркелкі белгіленеді.

Анықтама үшін: БЗТ алушылардың саны 2013 ж. 1 шілдеге 1833,5 мың адамды құрайды, оның ішінде шамамен 830 мың адамы – ынтымақты жүйеге қатысушылар, ал 1 млн-ға жуығы – зейнетақымен қамсыздандырудың аралас (ынтымақты және жинақтаушы) жүйесі. БЗТ мөлшері 2013 жылы 9 330 теңгені немесе ЕТКД-нің 50%-н құрады.

Міндетті деңгейде зейнеткерлерге мемлекеттік бюджеттен ынтымақты (еңбек) және Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы қорларын қаржыландыру есебінен – жинақтаушы зейнетақылар төленеді.

1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өту кезінде азаматтар үшін оларда 01.01.1998 ж. кемінде 6 ай еңбек өтілі және 1995 жылдан бастап кез-келген қатар 3 жыл үшін жалақысы болған жағдайда мемлекеттік бюджеттен ынтымақты зейнетақы алу құқығы сақталды. Толық зейнетақы тағайындау үшін міндетті еңбек өтілі әйелдер үшін 20 жылды және ер кісілер үшін – 25 жылды құрайды.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінен зейнетақылар жалақының 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы аударымдарын жүзеге асырған жинақтаушы жүйе қатысушыларына төленеді.

Әйелдер өз зейнетақы жинақтарын аннуитеттік (сақтандыру) компанияға аудару арқылы зейнетақы аннуитетін сатып алу жолымен зейнетке шыққаннан кейін 18 жыл ішінде оның ең төмен мөлшерінен аз емес мөлшерде ай сайын зейнетақы төлеу үшін жеткілікті болған жағдайда әйелдерге – 50 жастан, ер кісілерге – 55 жастан бастап зейнетақы жинақтарын ертелеу алуға құқық көзделген.

Бүгінгі таңда зейнетақы жинақтарының орташа мөлшері 376 мың теңгені құрайды. Зейнетақы төлемдері тоғыз жүз мыңнан астам зейнеткерге орташа 4 мың теңгеден (орташа айлық жалақының 4%) төленді.

І. БІРЫҢҒАЙ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫН (БЖЗҚ) ҚҰРУ ЖӘНЕ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

2013 жылғы 1 тамызда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) құрылып, Қазақстан Республикасының Үкіметі оның құрылтайшысы мен акционері болып белгіленді.

БЖЗҚ құрудың мақсаты мен басымдықтары:

— міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) түсімдерінің және зейнетақы активтерін пайдаланудың тиісті есебін қамтамасыз ету;

— инвестициялық стратегияларды жетілдіру және зейнетақы активтерінің табыстылығын арттыру, әкімшілік шығыстарды азайту;

— тұрғындардың зейнетақы жинақтарын қалыптастыру және оның қозғалысының барынша тазалығын қамтамасыз ету.

БЖЗҚ барлық зейнетақымен қамсыздандыру шарттары бойынша құқықтық мирасқор болып табылады және алдын жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары арасында бөлінген барлық зейнетақы активтерін шоғырландырады.

Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарын және олардың зейнетақы жинақтарын зейнетақы қорларынан аудару биылғы жылдың қыркүйегінен бастап кесте бойынша салымшылардың өз зейнетақы жинақтарына меншік құқығы сақтала отырып (бұл өте маңызды!), толық көлемде жүзеге асырылатын болады.

БЖЗҚ негізгі міндеттері :

— міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) және салымшының қалауы бойынша ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) тарту;

— салымшылардың жеке зейнетақы шоттарын есепке алу;

— салымшыларға шоғырландырылған зейнетақы жинақтары есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру;

— зейнетақы жинақтарының жоғары табыстылығын қамтамасыз ету;

— ЖЗЖ қатысушыларды қамтуды кеңейту

— халықты жеке зейнетақы шотындағы қаражат туралы ақпараттандыру арқылы қаржылық сауаттылықты арттыру.

(Жалғасы бар)