Зияткерлік мектебінің оқушылары республикалық спартакиадада бақ сынайды

319
Спартакиаданың қорытындысы 25-қазан белгілі болады

Назарбаев зияткерлік мектептері филиалдары арасында республикалық спартакиада шымылдығын түрді. Тараз, Қызылорда, Талдықорған, сондай-ақ, Шымкенттегі екі мектептің оқушылары салауатты өмір салтын ұстанатындарын дәлелдеп бермек. Қаламыздағы химия-биология бағытындағы зияткерлік мектепте өткен салтанатты шараға елімізге танымал әлемдік доданың жеңімпаздары қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=_eqKnWKciuw[/youtube]

Жарыстың ашылу салтанатында химия-биология бағытындағы зияткерлік мектептің белсенді оқушылары флешмоб өткізіп, денсаулықты сақтау күнделікті таңғы жаттығудан басталатынын суреттеді.

Жастар арасындағы ұлттық рух пен патриотизмді дамыту мақсатында өтіп жатқан спартакиаданың туы еліміздегі үш бірдей облыста көтерілді. Оңтүстікте орналасқан екі зияткерлік мектептің бірінде футболдан жарыс басталса, екіншісінде оқушылар волейболдан сынға түсті. Жарысқа қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінген.

Бағлан Досымбеков, Тараз командасының жаттықтырушысы: «Біз жарысқа үш команда алып келдік. Дайындығымыз жаман емес. Байқауымызша, қарсыластарымыз да мықты сияқты. Бәріне сәттілік, өзімізге жеңіс тілеймін!»

Спартакиаданың қорытындысы 25-қазан белгілі болады
Спартакиаданың қорытындысы 25-қазан күні белгілі болады

Республикалық спартакиада – достықты қолдайтын, бір-біріне үлкен сенім артар жастардың кермет те тамаша алаңы. Сондықтан болар, жанкүйерлер өз командалары үшін барынша қолдау көрсетуде. Олар, ең бастысы, намысты қолдан бермеу керек дейді.

Бос уақытты тиімді пайдаланып, спортты жандарына серік еткен оқушылар әрбір команда жеңімпаз болуға лайық деп есептейді. Спартакиада алдағы үш күн бойы жалғасын табады. Қорытындысы 25-қазанда белгілі болмақ.