Шымкентте қария кісі жылу үшін қарыздар болып қалды. Жасы 87-ге келген кейуана жылу маусымы басталғалы үйімде береке кетті дейді. Айтуынша, бұдан екі жеті бұрын қаламыздағы 3-Энергоорталықтан жылу ақысының түбіртегі келіпті. Онда қарт әжейдің орталыққа 30 мың теңге қарызы бар екені жазылған. Ал кейуана болса үйдегі жылу батереяларын осындан 20 жыл бұрын қырқып тастағам деп шырылдайды.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=epQjExUzBck[/youtube]
Антонина Попованың екі бөлмелі пәтері жылу жүйесінен 1990 жылдары ажыратылған. Содан бері зейнеткер баспанасын электр құралдарымен жылытады. Алайда, екі апта бұрын коммуналдық мекемеден келген түбіртекте кейуананың жылуға 30 мың теңге қарызы бар екені көрсетіліпті.
Антонина Попова, зейнеткер: «Менің қарызымның бар екен білгенде қан қысымым жоғарылап, жүре алмай қалдым. Дәрігер шақырттым. Қатты ауырғаннан көзімнің іші қып-қызыл боп кетті.»
Ал 3-Энергоорталық мамандарының да өз уәжі бар. Басшының сөзіне сенсек, зейнеткер жылыту батереясын 2011 жылы кескен. Ал түбіртектегі қарыз 2008 жылдың өтемақысы екен.
Қадиша Байбахова, 3-Энергоорталық АҚ сатып өткізу қызметінің басшысы: «2007 жылы «Южполиметал» бізде ТЭЦ-1 мен ТЭЦ-2, ТЭЦ-3-ке өткен уақытта бізде сальдомен қарызы өтіп келген. Антонина Попованың 2007 жылғы қарызы 2008 жылға өткен. Осылайша 3 жылдан бері қарыз. «Мен жылу алмаймын. менде жылу батереялары қырқылып тасталған» деген арызын ол кісі 2011 жылы ғана жазған.»
Мамандардың айтуынша, зейнеткер тыл еңбеккері ретінде тізімде тұрмайды. Әйтпесе ардагерлерге коммуналдық төлемақылар бойынша жеңілдік қарастырылған екен. Енді 87 жасқа келіп, еш жеңілдікке қол жеткізе алмаған қарт ана соттың әділдігіне жүгінем деп отыр.