Қазақстанның халық әртісі Рахима Жұбатурова – 70-жаста. Осыған орай облыстық опера және балет театрында ең үздік сопрано дауысының иегері – Рахима Төлегенқызы мерейтойлық концертін өткізді. Өмірінің басым бөлігін өнерге арнаған белгілі вокалдық өнер иесі жетпіс жасқа келсе де өзінің әсем де әуезді дауысымен көрермендерін қуантты.

Раушан Жұбатурованың орындауында мыңнан аса ән бар
Раушан Жұбатурованың орындауында мыңнан аса ән бар

Жарты ғасырдан астам уақыттан бері сахна төрінде жүрген Рахима Төлегенқызын көрермендері әр көрген сайын қуанады. Өйткені оның халық әндері, романстары мен қазіргі заман әндерін нақышына келтіріп орындауы тыңдарманды риясыз баурап алады. Бүгінгі мерейтойлық концерке де ол өзін әлемге танытқан репертуарындағы туындыларын қазақ және орыс тілдерінде орындап, ыстық ықыласқа бөленді.

DSC_0236

 Гүлжамал Керімбаева, көрермен: «Рахима Жұбатурова Абай атындағы опера балет театрында 30 жылдан бері еңбек етіп келе жатыр. Мен сол кезден бастап оның әндерін сүйіп тыңдаймын. Мың құбылған, әдемі үнімен ол өзгелерден ерекшеленеді. Сондықтан мен оның өнеріне сүйсінем.»

Елімізбен қатар әлемнің үздік сахналарында да өнер көрсеткен дарын иесі бүгінде шәкірт тәрбиелеумен де айналысады. Рахима Жұбатурованың өнер мектебінен өткен жас әншілер де вокалдық шеберлігімен жоғарғы белестерден көрінуде.

DSC_0238

 Күлия Айдарбекова, облыстық мәдениет басқармасының басшысы: «Жұбатурованың мәдениет саласының дамуына қосқан үлесі – өлшеусіз. Біздің опера және балет театрының құрылғанына 5 жыл болып отыр. Бұл кісі сол театр туылғаннан бері біздің стилистерімізді дайындып, соларға барын салып келеді.»

Осылайша жасы жетпіске келсе де «Әлем адамы» және Қазақстандағы ең үздік сопрано дауысының иегері атанған еліміздің халық әртісі тыңдармандарды өз орындауындағы әндермен сусындатты. Ал өнер иесінің әуеніне тамсанған тыңдарман құлақ құрышын қандырып, тарқасты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ui9Qmonenyw[/youtube]