Қазақстандықтар алдағы ұлттық және мемлекеттік мерекелерге орай желтоқсан айында қатарынан үш күн демалатын болады.

«ҚР мерекелері жайындағы» заңға орай 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекесі, ал 16-17 желтоқсан Тәуелсіздік күні ұлттық мейрамы болып табылады. Сондықтан бұл елімізде мерекелік күндер болып есептеледі.

Осыған орай биылғы желтоқсан, яғни Тұңғыш Президент күні жексенбі күнге сәйкес келіп отырғандықтан, 2 желтоқсан сейсенбі күні де мерекелік күн ретінде қабылданды. Қазақстандықтар бұл мерекеде сенбі, жексенбі күнімен қатар 1 желтоқсан, дүйсенбі күні де демалатын болады. Ал Тәуелсіздік күні мерекесі заңға сәйкес екі күн тойланатыны белгілі. Бұл жолғы 16-17 желтоқсан күндері дүйсенбі және сейсенбімен тұспа-тұс келді. Сондықтан Қазақстан халқы сенбі-жексенбі күндерін есептемегенде, бұл мерекеде қосымша екі күн демалатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан халқы Тұңғыш Президент күнін өткен жылы алғаш рет мемлекеттік мереке ретін атап өтті. Биыл бұл мереке екінші мәрте мемлекеттік деңгейде аталып өтілсе, ал еліміздің тәуелсіздік алғанына биыл 22 жыл толып отыр. Сондықтан екі мерекенің де мемлекетіміз үшін маңызы орасан.