В.Терешкова мектебіне – 80 жыл

650
В.Терешкова мектебіне - 80 жыл

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік іс шаралар легі жалғасып жатыр. Бүгін Елбасына құрмет көрсеткен №31 мектеп ұжымы білім ордасы атын иеленген Валенитина Терешкованың 80 жылдығы мерейтойын қоса тойлады.

Бүгінгі таңда 1100 оқушыны тәрбиелеп отырған білім ордасы толағай жетістіктермен алда келеді. Әсіресе, робот жасау техникасы саласындағы оқушылардың табысы ерен. Мектеп оқушылары мерекелік іс-шараға белсен қатысып, түрлі сахналық қойылымдар ұйымдастырған.

Мерекелік іс шара Елбасының «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын дәріптеген қалалық семинарға ұласты. Оқытушылар 20 пән бойынша біліктіліктерін арттырып, түрлі ашық сабақтарға қатысатын болады.