Қылмыскерді күзетудің орнына есірткі сатқан

252
сарбаздың жымысқы қылығы әшкере болды

Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүйкеге әсер етуші зат сатумен айналысып келген әскери қызметкерді құрықтады. Арнайы операцияны жүзеге асыру үшін «Арлан» жасағының қызметкерлері жұмылдырылған.

 

сарбаздың жымысқы қылығы әшкере болды
сарбаздың жымысқы қылығы әшкере болды

33 жастағы кіші сержант қаладағы әскери бөлімдерінің бірінде қызмет етіп жүріп, түзеу мекемесіне есірткі тасып келген. Сарбазды тінту барысында сақшылар оның қалатасынан есірткі үшін төленген ақшаны тәркіледі.

Тергеуде белгілі болғандай, сарбаз бұған дейін осы түзеу мекемесінде үш ай жұмыс істеген. Әрі сол аралықта сотталушыларға есірткі сатумен айналысып келгендігі анықталып отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=mj5cp7ZidYY[/youtube]

 

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА,  ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі: «Айғақтық зат ретінде 2000 теңге және қалтасынан 3 грамдай марихуана алынып отыр. Әскери қызметкерді қолға түсіру үшін полиция қызметкерлері 1 ай жедел іс- шара жүргізген. Қазіргі таңда анықталып отырғандай ол бір ай бойы есірткі сатумен айналысқан».