Өз отбасын өртеген жігіт сотталды

254

Шымкентте өз отбасын тірідей өртеп жіберген жігіт 15 жылға бас бостандығынан айрылды. Еске сала кетсек, жұрттың жағасын ұстатқан оқиға 2012 жылдың жазында орын алған болатын.

 Сол уақытта 30 жастағы жігіт әйелімен ренжісіп қалған. Екеуара ұрыстан кейін әйелі төркініне кетіп қалыпты. Соңынан іздеп келіп, түсінісе алмаған отағасы әйелін өзінің қолына байлап, бензин шашып, от қойып  жіберген. Оған араша түспек болған енесі мен ұлы мүгедек болып қалды. Ал денесінің 48 пайызын күйік шалған 28 жастағы келіншек бірнеше ауыр операциядан кейін қайтыс болған. Айыпталушының өзі орташа деңгейде күйген. Тергеу органдары оны бірнеше бап бойынша кінәлі деп тауып, әйелі мен ұлын, қайын енесін қасақана өлтірмек болды деген айып тақты.