Оңтүстікте жол полициясы мен патрульдік полиция қызметкерлері бірігіп, әмбебап полицияға айналғаны белгілі. Қараша айының басынан жұмысқа кіріскен әкімшілік жол-патрульдік полиция қызметкерлері алғашқы нәтижелеріне қол жеткізіп үлгерді.
Таяуда кезекші бөлімге Шымкенттегі жеке үйлердің бірінен суыт хабар түскен. Қоңырау шалған адамдар көршілерінің үйіне белгісіз бір адамның кіріп кеткенін көріп, полиция қызметкерлеріне хабарласқан. Оқиға орнына жол-патрульдік полициясының автоэкипажы шұғыл жетті. Олар күдікті азаматты ізін суытпай ұстап алған.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=QUUNErT7vOg[/youtube]
Тәртіп сақшыларына хабар берген көршілері көшеден өтіп бара жатып үйдің шатырында біреу жүргенін көріп қалады. Сосын үйдің иесінің ұялы телефонына хабарласып, үйде бұл уақытта ешкім жоқ екенін анықтайды. Сосын полиция қызметкерлеріне хабарласқан.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=icWU74lWn94[/youtube]
Дегенмен, қолға түскен азамат өзінің әрекетін мойындаған жоқ. Сезіктінің айтуынша, көшеде кетіп бара жатқан жерінен полиция қызметкерлері ұстап алған сәтте ешқандай қарсылық көрсетпепті.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=d9L00gxuwYY[/youtube]
Қазіргі таңда күдікті азамат аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Тергеу амалдары жалғасуда.