Абаттандыру жұмысының арты апатқа айнала жаздады

243
құбыр ауыстырылатын болды

Қошқар ата өзеніне жақын орналасқан үйлердің ауласын су алған. Тұрғындары атқамінерден араша таппай, арнамызға арызданды. Абаттандыру жұмыстарынан бұлақ көздері бітеліп, су сол маңдағы аулаларға тола бастапты.

 

Тұрғындардың қауіпі басым
Тұрғындардың қауіпі басым

Қошқар ата көшесінің тұрғындарынан қасындағы өзенді көріктендіру жұмыстары басталғалы мазалары қашқан. Үйдегі бұлақ көздерінен шығатын су, өзенге құйыла алмай, тұрғындардың аулаларында айналшықтап, үйлеріне кіруге шақ қалған.

Тұрғанкүл Дүйсенова, Қошқар ата көшесінің тұрғыны: «Үйімізді су алып жатыр. Біздің бармаған жеріміз жоқ. Айтпаған адамымыз жоқ. Бәріне айтып жатырмыз. Ешқайсысы бізге көмектеспейді. Енді бір аптадан соң, үйіміздің ішіне кіреді су».

 

Халықты әбігерге салған мына құбыр
Халықты әбігерге салған мына құбыр

Тұрғындарды әбігерге салған мына құбыр. Кішкентай үш құбыр бір көшенің суын сыйдыра алмай, бітеліп қалған. Өзеннің жан-жағына өрілген мына тастар, суды тазалап отыруы үшін төселініпті. Көріктендіру жұмыстары көңілге қонғанымен, құбырдың тарлығы тұрғындарға қауіп төндіріп тұр.

Тамара Смородская, көше төрайымы: «Әл-Фараби аудандық әкімдігіне бардым. Мардымды жауаптың орнына, арызданып кімге барсаң, оған бар деді. Сосын сіздерді шақырдық. Көмектесіңіздерші».

Халықтың арызын арқалап, облыстық құрылыс басқармасына хабарластық. Жауаптылар келді де, мердігердің жұмысын тоқтатып, тастарды ашты. Жан біткендей, сарылдай аққан су, бірден тұрғындардың ауласындағы қауіпті сейілтті. Қателік о бастағы жобалау жұмыстарынан кеткен екен.

 

құбыр ауыстырылатын болды
құбыр ауыстырылатын болды

Байзақ Абдраев, техникалық бақылаушы: «Мына жерге құбыр тастамаса болмайды. Өткені үйлерде су көтеріліп жатыр. Сол себепті қазір аштық, ол жақтағы көтерілген су өзенге түсті. Мәселе шешілді. Енді қазір мердігер мекеме 500-дік құбыр қояды. Енді ол үйлерге су қайтіп көтерілмейтін болады».

Жұртты осынша шулатпай, тірлікті тілшілердің араласуынсыз-ақ шешіп тастауға болады екен. Ал істің осылай, оңай шешімі табылғанына қуанған тұрғындар алғысты құрылыс мамандарына емес алдымен бізге айтты. 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=8AlR3NEZcQg[/youtube]