«Алтын қордың» кадрлары қайда? Жастар саясатын жүзеге асыру үшін облысымызда 2003 жылы мемлекеттік қызметкерлерді дайындайтын «Алтын қор» кадрлар резервінің жұмысы қолға алынған болатын. Он жылдың ішінде сол қордың жұмысы қаншалықты алға жылжыды?
Дамир Жүнісов — «Алтын қордың» түлегі. 2010 жылы жоғарғы оқу орнын тәмамдаған маман сол жылы-ақ осы пилоттық жобаға ілігіп, қызметке орналасқанын айтады. Бүгінде Дамир облысымыздағы «Жастар орталығы» директорының орынбасары қызметін атқарып жүр.
Дамир Жүнісов: «Алғашында облыстық деңгейде енді дипломын алып жатқан азамат қалай барады деп сенбедім. Кейін сонда барған соң жұмыстың барысын түсіндім. Ал қазіргі негізгі мақсатым — осы ауылды көтеру, әкім болу, мысалы. Әр мемлекеттік қызметкер белгілі сатыдан өтеді, сол сатылардың бірі -әкім болу деп есептеймін.»
Он жылдан бері Дамирдан бөлек «Алтын қор» кадр резервінде 388 маман біліктілігін арттырған. Бірақ қазіргі уақытта солардың 20 пайызы ғана мемлекеттік қызметте жүр. Себебі көбісі жұмысқа қабылданбаған және түрлі себептермен қызметінен босапты. Ал мамандар мәселені шешудің жолы студенттердің мемлекеттік қызметкерге сай саланы меңгеруі деп отыр.
Дәурен Дүйсебаев, ОҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы: «Бұрындары «Алтын қорда» кез келген мамандық оқытылып келсе, келесі жылдан бастап тек аталған 5 оқу орнында мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша студенттерді оқытатын боламыз. Сонда дәрігер немес мұғалім болып қызметін ауыстырып кете алмайды.»
[youtube]http://youtu.be/q7OrPRAK54E[/youtube]
Оқу демекші, осыдан 2 жыл бұрын мемлекеттік қызметкерлер даярлайтын «Алтын қор» кадрлар резервінде қосымша оқу шарасы 1 апта болатын. Ал қазіргі уақытта небәрі 2 күн оқытылады екен. Осыған қарап-ақ «Алтын қордың» жасағын жорамалдай беріңіз. Ал биыл облысымызда осы мүмкіндікке 35 студент ие болыпты.