«Жасыл ел» сарбаздары жұмысқа кірісті

769
"Жасыл ел" сарбаздары жұмысқа кірісті
Жастар жүктерін жинауда
Жастар жүктерін жинауда

«Жасыл ел» еңбек жасақтары құрамындағы сарбаздар өз жұмысын бастап кетті. Бағдарлама аясында Түлкібас, Сарыағаш, Кентау, Түркістан, Арыс аудан-қалаларына жол тартқандары көп.Олар жыл сайын өңірдің табиғатын қорғап, көркейтуде үлесін қосуды парыз санайды. Биыл да әдеттегідей 750-ден аса студент бағдарлама аясында жұмыспен қамтылмақ. Оның 350-і шалғай аудандарда болады. Жүздері бал-бұл жайнап, жүктерін дайындауға кірісіп кеткен. Солардың бірі Азат Мұратов. 20 жастағы бозбала алдағы оқу жылына дәптер-қаламымды өзім табатын болдым деп қуанады.

Азат Мұратов
Азат Мұратов

Азат Мұратов, студент: «Біздей студент жастарға бұл айтарлықтай көмек. Жазда бос жүрмей өзіміздің кішігірім болса да, былай айтқанда еңбек ақымызды табамыз. Бұл студентке үлкен көмек. Әке-шешемізге үлкен мүмкіндік. Және оларға үлкен жеңілдік. Осыны ойлап, еңбек етуге кетіп барамын».

Биыл “Жасыл ел” бағдарламасында өзгеріс жоқ. Тек қатысуға ниет білдірген студенттер санының артуын қоспағанда. Және олар былтырғыдай ағаш отырғызып, көшет дайындамайтын болды. Бүгінге дейін отырғызылған өскіндерді суарып, бұдан бөлек шаруаға кіріспек. Айта кетейік, 8 жылдан бері қолға алынған бағдарлама бойынша әрбір еңбеккер студентке республкалық және жергілікті бюджеттен 32 мың 500 теңге айлық жалақы төленеді.

Қайрат Төлебаев, жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы: «Облысымызда бүгінге дейін 44 млн.-ға тарта талдар егілген. Енді олардың барлығына күтім жасау керек. Жылда егіліп жатыр, бірақ соның түгел барлығы көгеріп кетті деп айту қиын. Біз сол елдің бәрін көтеруіміз керек. Сол берілген мәселенің бәрін қурамай, ары қарай соны көгалдандырып, жайқалуына біз де жұмыс жасауымыз керек. «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздарына қосымша айтып жатырмыз. Олар тек қана жұмыс істемей, сол елдің азаматтарын, сол елдің жастарын сол елдің патриоты болуға шақыруы керек. Қашанғы енді оларға айлық төлеп, жұмыс жасатамыз?! Өздері патриоты есебінде, сол елдің азаматы ретінде сол елді көріктендіруге атсалысуға шақыру мәселесін де қолға алып жатырмыз».

Дәстүрлі шара жылдағыдай, сән-салтананынан жаңылмай бастау алды. Жастар игі бастама бойынша біртіндеп арнайы дайындалған көліктерге ағылды. Арасында биыл алғаш рет «Жасыл елдің» сарбазы атанып отырғандары да бар.

Мақпал Жеңісбаева, студент: «Бірінші рет қатысып отырмын. Шынымды айтсам, толқып отырмын. Қуанып отырмын, еліме үлес қосатыныма. Осы «Жасыл ел» бағдарламасына қатысып, еліме өзімнің үлесімді қосқым келеді. Еліміздің көркеюіне атсалысуға бара жатырмыз. Осы жастардың барлығына сәттілік тілеймін».

Айта кетейік, сарбаздар алдымен өңіріміздегі лагерлерде 2 күн демалып, ары қарай жұмыстарына кіріседі. Өңірдің көгалдандыру мен абаттандыруға үлесін қосуыды көздеген оларға сәт-сапар тіледік.

[youtube]http://youtu.be/gKinW3ylN9o [/youtube]