Сайрам аудандық білім бөлімін тексерген прокуратура қызыметкерлері есеп-қисапты дұрыс жүргізбеген. Бұл туралы Сайрам аудандық білім бөлімінің басшысы Дина Айкөзова мәлімдеді.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=R2tsv_JufBM[/youtube]
Сондай-ақ, жуырда аудандағы Сайрам ауылындағы Хамза орта мектебінің директоры орынбасарынан 150 мың теңге пара алып тұрған жерінен қолға түсті. Білім бөлімінің басшысы бұл оқиғадан хабардар екен. Ауданның бас педагогы бұл жағдайдың жәй-жапсарын құқық қорғау органдарының қызметкерлері анықтайтынын айтумен шектелді.