Сізге діни кеңес және психологиялық көмек керек пе? Онда тегін негізде 114 телефон нөмірінен хабарласыңыз.
Облыстық әкімшілік аппаратында ҚР Діни істер агенттігінің төрағасы Марат Әзілхановпен онлайн режимінде «Е-Ислам» ақпараттық-ағартушылық ғаламтор-порталының тәуліктеп жұмыс істейтіні сөз болды. Сондай-ақ, тәулігіне 24 сағат дін мәселелері бойынша кеңес беру мен шағымдарды қабылдауға арналған «Қауыр желі-114» жобасының таныстырылымы болып өтті.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=r21r_UudHuI[/youtube]
Жұмысын бастағанына 2 апта болған «Е-Ислам» порталына 300 ге жуық сауалдар түскен. Оқырмандар сайт парақшасынан діни сұрақтарына байланысты ақпараттар ала алады. Былтырғы жылы агенттік теріс діни ақпарат тарататын 50-ден аса сайттың жұмысын тоқтатқан. Республика көлемінде жұмыс жасайтын 114 жедел желісінде дінтанушылар мен психологтар кеңес береді.