Түрлі дертке дауасы көп бал жәрмеңкеге қойылды

Емдік қасиетке бай балшырындар жәрмеңкеге қойылды

Қаламызда экологиялық таза өнімнің көрмесі өтіп жатыр. Оған Ресейде жиналған балдың 20 түрі әкелінді. Ұйымдастырушылардың айтуынша,жәрмеңке айдың соңына дейін жалғасады. Шырынымен тіл үйіріп қана қоймай, көптеген ауруларға емдік қасиеті бар балдан келушілердің барлығы дәм татып көрді.

 

Емдік қасиетке бай балшырындар жәрмеңкеге қойылды
Емдік қасиетке бай балшырындар жәрмеңкеге қойылды

Айсұлу Жазықбаева, көрші мемлекеттен әкелінген ара балын көру үшін арнайы жәрмеңкеге келіпті. Қаламыздағы ірі сауда орындарының біріне қойылған шырындардың дәмін татып, бірден сатып алуға бел байлапты.

Айсұлу Жазықбаева, сатып алушы: «Маған балдар ұнады, әртүрлі сорттары бар екен, дәмін көрдік. Енді үйге барып тәтті шәй ішетін болдық».

Орман емшісі, жөке, балқарағай — мұның бәрі бал сұрыптары. Әрқайсысының сипаты арнайы тақташаларда көрсетілген. Әйтсе де, олардың артықшылығын иісінен-ақ байқауға болады. Соған қарамастан омарташылар тауарының артықшылығын әр адамға жеке түсіндіруден жалықпайды. Өйткені әр жерде алынған балдың өзіндік қасиеті бар.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=kcXi2QqzIA8[/youtube]

Екатерина Посохова, сатушы: «Бұл — таза бал. Тым тәтті. Есесіне сінімділігі жоғары. Сондықтан да түрлі ауруға ем бола алады. Әсіресе, бастағы қан айналымға, жүрек тамыры жүйесінің жұмысын қалпына келтіреді. Күнделікті бір-екі қасықтан қолданып отырған жөн».

Сатып алушыларды өнімнің бағасы мен сапасы қызықтырса, Әл-Фараби сауда орталығына келіп, тамашалауға болады. Жәрмеңке күн сайын және қараша айының 28-не дейін жалғасады.