Маусым басында «Ордабасы» кәсіби футбол клубының жанында арнайы орталық ашылған болатын. 2003 жылы дүниеге келген балалардан бастап бес жас ерекшелігінде командалар жасақталып, он бапкер іріктелінген болатын. Орталықтың негізгі жұмысы «Ордабасы» командасына ізбасар дайындау болатын. Іріктелініп алынған балалар облыстағы ең ептілері болуы тиіс. Ал ол үшін жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру қажеттігін федерация өкілдері алға тартып, арнайы мамандар дәріс те берген болатын. Бұл жолғы ресми сапарында орталықтың жұмысына жауапты Қанат Мұсатаев осыған дейін жасалынғанның нәтижесін сынауға келіпті. Он бапкер жасыл алаңда емтихан тапсырды.