Мұғалімдерді мерез ауруына тексеруде

1183
медициналық кітапша

Шымкенттің мұғалімдері шу шығарды. Жуырда тері аурулары диспансерінен келген хатқа ұстаздар қауымы қатты қапалы. Онда оқытушылар мерез ауруына тексерілуін мекеме басшысы табандап тұрып өтініпті. Оның үстіне бұл тексеріс ақылы екен. Онсыз да жаңа оқу жылы басталғалы бірнеше рет сынама тапсырып, дәрігерлік тексеруден өткен ұстаздар қауымы соңғы хатқа кәдімгідей шамданып қалыпты.

 

медициналық кітапша
медициналық кітапша

Жаңа оқы жылының қарсаңында медициналық тексеруден өткен оқытушылар соңғы үш айда тағы да бірнеше тексеруден өткен. Ұстаздар психоневралогиялық, наркалогиялық диспансерде тексеріліп, сотты болмағанын да дәлелдеуіне тура келген. Ал, енді «мерезге тексерілсін» дегені мұғалімдердің шымбайына шындап батыпты.

Күнсұлу Исмайлова, мектеп мұғалімі:»Біз бала оқытамыз ба, әлде емхана жағалаумен уақытты өткіземіз бе? Осы хатты жазғандар ұстаздың беделін түсірді».

Мектеп басшыларына осы хатты жолдаған  Облыстық тері аурулары диспансері. Табандап тұрып өтініш айтылған хатқа қол қойған мекеменің бас дәрігері қандай да бір түсінік беруден қашқақтады.

Тілшілермен тілдесуге жіберген өкілі биыл мерезбен ауырған 600- ден астам аурудың бір пайызға жуығы — мұғалімдер деді. Ол дегеніміз 5 не 6 адам дей отыра, мерез ауруын жұқтырғандардың қатарында дәрігерлер, жеңіл өнеркәсіп саласы мен монша мен сауналарда жұмыс жасайтындар бар екендігін де жасырмады. Бір қызығы осы хат облыс бойынша тек Шымкент қаласының мектептеріне ғана жолданған.

«Оңтүстікте жұқпалы мерез ауруынан қауіп көбейсе, онда неге жапай тексеру жүргізілмейді» ,-дейді ұстаздар қауымы. Оның үстіне, тегін медициналық қызмет түріне енгізілмегендіктен бұл сынамалар ақылы түрде жасалынады екен. Сондықтан, оқытушылар қаржы жағын медициналық тексеруге жолдаған мекеме төлеп беруін талап етіп отыр.