Таяуда Шымкентте кезекті жол апаты орын алды. Қазыбек көшесінің бойында такси және ТойотаАвалон көліктері соғысы қалған. Абырой болғанда — адамдар аман. Ал көліктер едәуір бүлініп қалды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері тездетіп жетті.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=fPVavyQ5Vyg[/youtube]
Тойота көлігін басқарып отырған азамат жол апаты қиылыста болғанын айтады. Өзім бұрылыс шамын жағып, солға бұрылайын деп жатқаным сол еді, ту сыртымнан келген такси көлігімді соқты дейді.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=V2ARTbEXyuM[/youtube]
Ең қатты бүлінген — такси көлігі. Оның рөлінде жас жігіт отыр. Тәртіп сақшыларының сұрағына ішімдік ішкен жоқпын деп жауап берді.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=J4LWn9rIzKg[/youtube]
Полиция қызметкерлері жол апатына қатысы бар азаматтарды полиция бөліміне алып кетті. Кімнің кінәлі екені сонда анықталатын болады.
Еске сала кетейік, таяуда ғана Оңтүстіктің тәртіп сақшылары ауыл-аймақта кең ауқымды рейд өткізіп, соның нәтижесінде оннан астам мас жүргізуші анықталған болатын. Ең сорақысы — жол апатынан мерт болатын адамдар саны бойынша Қазақстан дүниежүзінде көштің басына келеді. Бұл өзекті мәселені мемлекет басшысы да назарға алып, жауаптыларды сынға алған болатын.