«Мистер» сауда желісі «EnricoMarinelli»-дің жаңа киімдерін ұсынады

263
EnricoMarinelli - Европадағы №1 брендтік өнім

Шымкенттік ерлердің сәнді әрі сапалы киінуі үшін «Мистер» сауда желісі брендік өнімдерді ұсынып келеді. Европадағы №1 ерлерге арналған киімдерді өндіретін  EnricoMarinelli-дің өкілдері қаламыздағы осы «Мистер» сауда желісіне келіп, итальяндық жаңа түсімдерімен таныстырды.

EnricoMarinelli-дің Стамбұлдағы өкілдері жаңа түсімдермен таныстырды
«EnricoMarinelli»-дің Стамбұлдағы өкілдері жаңа түсімдермен таныстырды

 Галстук, жейде, костюм сондай-ақ, аяқкиімдердің кең таңдауын ұсынатын «Мистер» сауда желісі енді  «EnricoMarinelli»  сауда белігісінің жаңа үлгідегі киімдерін таныстырып жатыр. Бүгінге дейін «Мистер» -дің тұрақты тұтынушысына айналған жерлестеріміз бұл өнімдердің сәніне ғана емес, сапасына да сенеді.

Махмұт Энрико, «EnricoMarinelli» сауда білгісінің бас директоры: «Алдымен біз шымкенттіктерге классикалық үлгідегі костюмдер мен жейделерді ұсындық. Кейіннен демалыс күндері киетін еркін киімдерге сұраныс түсті. «Мистер» сауда желісі қазір қалың киімдер, тіпті шапандарға дейін сатып жатыр. Бұл — шымкенттіктердің сәннен қалыс қалмайтынының дәлелі».

EnricoMarinelli - Европадағы №1 брендтік өнім
EnricoMarinelli — Европадағы №1 брендтік өнім

Айтпақшы, «Мистер»  «EnricoMarinelli» сауда белгісінің киімдерін 11 жылдан бері саудалап келеді. Содан бері бұл өнімдер осы сауда үйінің төрінен түскен емес. Себебі «Мистер»-ге  «EnricoMarinelli»-дің киімдерін іздеп келушілердің қатары артқан. Ал Стамбулдан арнайы келген сән әлемнің мамандары биылғы маусымның ерекшелігін айтуды ұмытқан жоқ. 

EnricoMarinelli-дің итальяндық өнімдері
«EnricoMarinelli»-дің итальяндық өнімдері

Мұстафа Гейч, «EnricoMarinelli» сауда белгісінің сату бойынша директоры: «Осы жылы қыстық киімдер әдеттегідей таза, қоспасыз итальяндық маталардан тігіліп отыр. Қалың шалбарлар мен жейде, жемпірлердің түр -түрлісін таба аласыз. Сары, алқызыл, жасыл, қоңыр, сия көк сынды түстер «EnricoMarinelli»-дің  сәнінен түскен емес». 

Бүгінде «EnricoMarinelli»-дің киімдері Париж, Милан, Мәскеу, Лондон сынды әлемнің алып қалалары тұрғындарының таңдауы болып отыр. Сондықтан қонақтар қыс мезгіліне арналған жаңа түсім жерлестеріміздің талғамынан шығатынына сенеді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=JyQUK1wg4uY[/youtube]