ОҚО-да қолдан жасалған алкоголь өнімінен 504 адам зардап шеккен

217
сурет интернеттен алынды

Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында қолдан жасалған алкоголь өнімінен 504 адам зардап шегіп отыр.   Қаржы полициясы органдарының тергеу-жедел қызметінің тәжірибесіне сәйкес, көбінесе акцизделетін тауарлардың заңсыз айналымы бойынша деректер алкоголь өнімдерінің айналымымен байланысты.

сурет интернеттен алынды
сурет интернеттен алынды

Қаржы полициясының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлері жыл басынан бері акцизге байланысты 26 қылмыстық іс қозғаған. Сонымен қатар, 4 жасырын цехтың заңсыз іс-әрекетіне шектеу қойылды. Оның ішінде 14 мың жалған акциздік маркалары, 40 433 бөтелке есептен тыс алкоголь өнімдері, 44 205,5 литр этил спирті алынды. Көлеңкелі айналымнан алынған алкогольдік өнімдердің сомасы 46,67 миллион теңгені құрайды.

«КазАлко» тәуелсіз өндірушілер Ассоциациясының ақпаратына сәйкес, Қазақстанның әр тұрғынына шаққанда тұтыну көлемі 5 литр, яғни 10 бөтелке арақтан келеді екен. Бұл бағытта жасалған жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері есептен тыс шығарған 2 өндіруші-зауыттың заңсыз қызметіне шектеу қойылды. Бұлар – «Винхаус» және «Тұтынушы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Айта кетейік, жуырда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, аталған серіктестіктердің және олардың дистрибьютері «Фиркан» ЖШС-нің заңсыз түрде алкоголь өнімдерін шығару және оны тарату дерегі анықталды. Аталған дерек бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды. Атап айтқанда, «Винхаус» ЖШС-нен 1- сериямен нөмiрленген 23 мың бөтелке алкоголь өнімдері, 5 мың есептік-бақылау маркалары, «Тұтынушы» ЖШС-нен 1- сериямен нөмірленген 19 мың бөтелке, 43 мың есептік-бақылау маркалары, «Фиркан», «Винхаус» және «Тұтынушы» ЖШС-нен 360 мыңнан астам алкоголь өнімдері алынды.