Облыс әкімі Ақтөбеде қаза тапқан жауынгердің отбасына көңіл айтты

217
Сапар Досбол
Сапар Досбол

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ақтөбеде қаза тапқан жауынгердің отбасына көңіл айтты. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сапар Досбол
Сапар Досбол

«Құрметті жерлестер! Өздеріңізге белгілі, 2016 жылғы 5 маусым күні Ақтөбе қаласында төтенше жағдай орын алды. Сол оқиғада Оңтүстіктің тумасы Сапар Досбол Еркінбекұлы ерлікпен қаза тапты. Ол өзіне жүктелген әскери міндетті адал, жоғарғы деңгейде атқарды.

Отан үшін оққа ұшқан Досбол бауырымыздың ерлігі біздің есімізде мәңгі сақталады. Марқұмның отбасына, туған-туыстарына, жора-жолдастарына және күллі Оңтүстік жұртына қайғырып көңіл айтамын.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов.»