«Голден Гран при -2013». Әзірбайжанда өткен халықаралық турнир осылай деп аталды. Бас жүлде үшін 32 елден 150 палуан таласқа түскен. Олардың арасында шымкенттен жол тартқан спортшылар да болды. Нәтижесінде жерлесіміз 55 келілер арасында Нұрсұлтан Қалмұрзаев алтыннан алқа тақты.
«Оның қарсыластары мықты палуандар болды. Жеңе алады ма екен деген күмән болғаны да рас. Алайда, үмітімізді ақтай білді» — деп Нұрсұлтанның бапкері Хакимбек Мұсаев ағынан жарылады.
Нұрсұлтан осыған дейін де халықаралық жарыстарда ептілігін сынға салған болатын. Тек алтын медаль жеңе алмаған. Сол себепті де бұл жетістікті спорт мектебі арнайы атап өтуде. Бұл жолы жерлесіміз бес жекпе-жек өткізіп, оның барлығында да қарсыласынан басым болды.
Нұрсұлтан үшін бұл соңғы белес еместігіне бапкерлер сенімді. Желтоқсан айында жерлесіміз Ел басының кубогін сарапқа салатын турнирде сынға түсетін болады. Мақсат — Кубокті жеңіп алы.