Оңтүстікке ауыл шаруашылығы министрі келді

Министр салыққа енгізілген өзгерістерді түсіндіруде
Министр салыққа енгізілген өзгерістерді түсіндіруде

 Оңтүстікке  ауыл шаруашылығы министрі мен қаржы вице-министрі келді. Жоғарғы шенді қызметкерлер жер салығына енгізілген өзгерістерді түсіндіруге тырысты.  Асылжан Мамытбеков мемлекет шаруаларды осы уақытқа дейін қолдап-қуаттап келгенін айтады. Ешқандай тексерусіз шаруалар жердің көлеміне қарай тиісті салығын төлеп келген. Енгізілген өзгерісте де осылай болады. Кімнің жерді қалай пайдаланғаны нысанаға алынбайды. Тек баға жердің гектарына бұрынғыдай 7 теңге емес, құнарлылығына қарай 200-ден 1000 теңгеге дейін барады.

Министр салыққа енгізілген  өзгерістерді түсіндіруде
Министр салыққа енгізілген өзгерістерді түсіндіруде

 Асылжан Мамытбеков, ҚР ауыл шаруашылығы министрі: «Жайылым жерлерді алғандар оларды пайдаланбай отыр. Не мал бақпайды, болмаса жер жыртып, жұмыс істемейді.  Мақсатты пайдаланбаса да бар төлейтіні 7 теңге. Сонда ол 500 гектар жеріне 2-3 мың теңге төлеп қояды да отыра береді. Жер жата берсін, мен пайдаланбасам, ертең немерелерім пайдаланады» деп, сарымайдай сақтап отырады.»

Министр мырзаның айтуынша, қазір жер алып, шаруасын дөңгелеткісі келетін қалталылар көп. Бірақ, мемлекетте оларға берер жер жоқ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=u02Hf30jirg[/youtube]

 Руслан Дәленов, ҚР қаржы вице-министрі: «Біз бұл өзгеріспен мол салық жинаймыз деп отырған жоқпыз. Барлығын жақсы түсінеміз. Бірақ, жаңа өзгеріс бойынша шаруа табысы болмаса да, шығынға ұшыраса да гектарына қарай тиісті төлемді төлеуі керек.»

Жер салығына енгізілген бұл өзгерістің шаруа үшін оңайға соқпасы анық. Сондықтан, пайдаланылмай жатқан жер иелерінің ойлануына тура келеді. Әйтпесе, тағы да қалталылардың асығы алшысынан келейін деп тұр.