Сессия: Жаңа оқу жылына, жылу маусымына дайындық пысықталды

60

Шымкентте қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Онда жаңа оқу жылына және жылу беру маусымына дайындық мәселелері пысықталды. Сондай ақ, депутаттар ауыл шауашылығы мақсатындағы жерлерге төленетін салық мөлшеріне қатысты мәселені де талқылады.

«Агросервис» шаруа қожалығының өкілі: «Бізде жайылым жер бар еді. Жер салығы өскен. Оны біз төлемейміз. Қалай төлейміз өзіміз күнімізді әрең көріп отырғанда».

Қала іргесіндегі шаруа қожалықтары биыл жер салығынының базалық ставкасы тым жоғары, оны төлеуге шамамыз келмейді деп наразылық білдірген болатын. Мәселені жоғары деңгейде көтерген диқандардың жан -айқайына өкілетті және атқару органдары құлақ асып, қалалық мәслихаттың сессиясында ауыл шрауашылығы мақсатындағы жер салығы мөлшерін төмендету бойынша мәселені талқылады.

Шымкенттің бас педагогы Жанат Тәжиева, үш ауысымда оқытатын мектеп саны 9-дан 5-ке төмендейтінін айтты. Сонымен қатар қаладағы білім ордаларының басым бөлігі қыс мезгіліне дайын.

Жанат Тәжиева, Шымкент қаласының білім басқармасы басшысы: 1Үш мектепте және бір балалар үйінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, барлық жұмыстар мерзімінде аяқталады. Мектептер қысқа дайын, қажеттінің бәрі сатып алынды, біз жылыту маусымына дайындықты аяқтадық».

Шымкенттің бас коммуналшысы алдағы жылу беру маусымына тек мектептер ғана емес, бүкіл қаладағы қазандықтар, сорғыш стансалары дайын екеніне сенімді. Қазіргі уақытта тозығы жеткен жылу жүйелері жаңаланып, магистралды құбырлар сығымдаудан өтті. Сәйкесінше, қажетті отын қоры да жеткілікті дейді шенеунік.

Сессия соңында шаһар басшысы нәтижелі жұмыс үшін халық қалаулыларына алғыс айтып, әкімдікке қарасты басқарма басшыларына нақты міндеттер қойды. Білім беру, денсаулық сақтау және коммуналдық салаға қатысты мәселелерді толық қадағалауға алуды тапсырды.

Шынар Оразова