Өңіріміздің басшысы Асқар Мырзахметов облыс әкімі аппаратының бас инспекторларымен мәжіліс өткізті. Басқосу аясында инспекторлардың есебін тыңдалып, жұмыстары сараланды.
Жиында облыс әкімі әр маманның бекітілген аудандарға айына кемінде 2 рет барып, жағдайымен танысуы қажет екенін шегелеп айтты. Бұған қоса жергілікті жерлерде атқарылып жатқан жұмыстардың есебін сұрап, бюджеттегі қаржының жұмсалу жолын дұрыстап баяндап бере алмағандарды сынға алды.
Асқар Мырзахметов, ОҚО әкімі: «Маған статистика керек емес, инспекторлық талдау қажет. Өткізіп алған күрделі жөндеу, әр түрлі бюджеттік демеу, қолдау, яғни, «Бизнестің жол картасы», «Сыбаға», «Жұмыспен қамту» секілді бағдарламалардың барлығының атқарылуын қалай анықтаймыз? Құрылыс қалай жүріп жатыр? Осының бағасы керек маған!»
[youtube]http://youtu.be/uqEUPH9S5qc[/youtube]