А.Мырзахметов Елбасына хат жазды

333
Асқар Мырзахметов ОҚО әкімі

Мемлекет басшысының атына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовтен хат келіп  түсті.

Өз есебінде А. Мырзахметов Үкіметтің 2013 жылғы 11-қазандағы кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысынан хабардар еткен. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтында жарияланды.

Асқар Мырзахметов
Асқар Мырзахметов

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жалпы құны 90 миллион теңге көлемінде грант және шағын несие бөлу қарастырылғанын мәлімдейді.

Жыл басынан бері 17 кәсіпкер 71 млн. теңге көлемінде грант алып, қазірдің өзінде өз жобаларын жүзеге асыруда, ал тағы 5 грант бойынша байқау комиссиясының шешімі шығарылып, тиісті құжаттар әзірленуде. Кестеге сәйкес, қаражат жыл соңына дейін толығымен игерілетін болады.

Бұған қоса, Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында құны 12 млн. теңге болатын 6 грант бөлініпті.

Облыс әкімнің есебі бойынша, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жыл басынан бері құны 2,5 млрд. теңге болатын 1076 шағын несие берілген. Бұдан бөлек, «Максимум» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы құны 2,4 млрд. теңге болатын 1654 шағын несие қосымша бөлініпті.

Осылайша бүгінде облыста жалпы құны 4,9 млрд. теңгені құрайтын 2730 шағын несие берілген.

Сонымен қатар, А.Мырзахметов өңірде тоқыма фабрикаларының жұмыс істеуі мәселелерінің шешілгені туралы баяндады. Мысалы, «Oxy Textile» ЖШС мен мақта өңдеу зауыты «Sarmat trading» ЖШС арасында жыл бойы толық жұмыс істеу үшін жеткілікті 6000 тонна мақта талшығын өңдеу жөнінде келісім жасалған. Бүгінде зауытты іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, индустрияландыру картасына енбеген «Меланж» тоқыма фабрикасы биылғы қыркүйек айынан бастап жұмыс істей бастады. Ұлттық компаниялармен жылына құны 50 млн. долларға тауар сатып алатын ұзақ мерзімді (5 жыл) келісімдер жасалған.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі тоқыма фабрикаларын шикізатпен тұрақты қамтамасыз ететін бірыңғай жүйе қалыптастыру үшін мемлекеттік тұрақтандыру қорын құру жөнінде Үкіметке ұсыныс енгізіліп, бұл бағытта жұмыстар жүргізілгенін мәлім етті.

А.Мырзахметов есебінің соңында кеңейтілген отырыс барысында алға қойылған басқа да міндеттер бойынша облыста арнайы іс-шаралар жоспары қабылданып, соған сәйкес тиісті жұмыстар атқарылып жатқаны туралы хабарлаған.