Рейд кезінде пәтерден төрт жігіт пен бір қыз табылды

355

Таяуда Абай полиция бөлімінің қызметкерлері жалға берілетін пәтерлерді тексеруге шықты. Түнгі рейдтің нәтижесінде Шымкенттегі Республика даңғылы бойындағы үйлердің біріндегі пәтерден бір топ жастар табылды. Мұнда төрт жігіттің арасында бір бойжеткен жалғыз өзі отыр. Ол тәртіп сақшыларының не үшін жүргенін сұраған сауалына мардымды жауап қата алмады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=xTapKjwW2l4[/youtube]

Пәтердің ішіндегі дастархан толы ішімдік. Жастар жақсылап көңіл көтеруді ойластырса керек. Дегенмен, ол ойлары жүзеге аспай қалды. Полиция қызметкерлері күтпеген жерден кіріп келген. Осы арада клиенттерінен хабар алған пәтер иесі де келіп жетті. Мұндай тексеруге үйреніп қалса керек, оның барлық құжаттары бар екен.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=oDlbZPNSwPE[/youtube]

Айта кету керек, жақында ғана Қазақстан заңдарына енгізілген өзгерістерге сәйкес, пәтерін немесе үйін, қандай да бір баспанасын жезөкшелікке ұсынған тұлға жауапқа тартылады. Яғни, ірі көлемдегі айыппұл төлейді. Ал мына пәтердің иесі мұндай жазадан қорықпайтын секілді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=6jHC59eF1J4[/youtube]