Облыстық прокуратура 10 айда атқарған жұмыстың нәтижесін жариялап, жаға ұстарлық фактілерді келтірді. Нақты айтқанда, Сайрам аудандық прокуратурасы жүргізген тексеруде аудандық білім беру бөлімі тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығындарын жоспарлаған кезде өрескел фактіге жол беріпті.
Мектеп оқушыларын тасымалдайтын ПАЗ-3205 маркалы автобустарына қажетті АИ-92 маркалы бензиннің әр литрін 363 теңгеден сатып алу жоспарланған. Қазіргі таңда қолға алынған прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде білім бөлімінің мемлекеттік сатып алу жоспары қайта қаралып, заңға сәйкестендірілген. Ал кінәлі лауазым иелері тәртіптік жазаға тартылған.
Мақсат Машкалов, облыс прокуротурасының басқарма бастығы: «Қазір АИ-92 бензинінің бір литрі 100 теңгенің үстінде сатылып жатса, олар бағаны 3 есеге дейін көтеріп сатқан. Сондай-ақ, көмір, дизельді отын мен өзге материалдарды да қымбат бағаға саудалаған. Осылайша мемлекеттің 17 миллион теңгеден астам қаржысы артық жұмсау жоспарлағаны анықталған.»
Сондай-ақ, биыл Мақтарал ауданындағы мектептер арасында да көмір тасымалдау бойынша былықтың беті ашылған. Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр.