Шартты жазаға тартылғандар тексерілді

217

Қарашаның 11-жұлдызынан 17-іне дейінгі аралығында Қазақстан аумағында шартты түрде жазаға тартылғандарды тексеру басталды. Соның аясында таяуда қалалық қылмыстық атқару жүйесінің инспекторлары Еңбекші ауданындағы жазаға кесілгендерді тексерді. Бұл аудан – қаладағы ең бір қылмыстық ахуалы күрделі саналады.

Бұл рейдке инспекторлармен қоса қалалық білім бөлімінің мамандары да қатысты. Шартты жазаға тартылғандардың арасында әйелдер де көп. Кейбірінің балалары 14 жасқа толғанша жазасы кейінге шегерілген. Солардың бірі – 2 жасар баланы тәрбиелеп отырған Назира. 2009 жылы алаяқтығы үшін жазаға тартылған келіншек жазасын уақытша тоқтатқан соттың шешімін бағалайтынын айтады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=YC8S_DmZeFw[/youtube]