Шымкентте спорттық гимнастикадан Олимпиадаға іріктеу өтуде

269
Бруссияның үстінде құлап қалмай, бапкердің үмітін ақтау қажет

Спорттық гимнастикадан еліміздің жоғары дәрежелі төрешілері биылғы маусымның чемпиондарын анықтауда. Қарашаның 15-іне дейін Шымкенттің  спорт алаңында жүзге тарта жас сынға түседі. Жекелей сынақтарда Оңтүстіктің 36 шәкірті де жүлде үшін таласады. Мұнда көпсайыстың  барлық түрінен жарыс өтуде. Жастар арасындағы ел чемпионаты биылғы маусымды қорытындылайды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=LFbda8IH_Xw[/youtube]

Сондықтан спорттық гимнастика бойынша мемлекеттік бапкер де бұл турнирге арнайы келген. Өйткені осы жеткіншектердің арасынан ол үздіктерді іріктеп, келесі жылға жоспар құрады. 2014 жылы құрлық біріншілігі мен жасөспірімдер арасында Олимпиада ойындарына жолдама үшін талас өтеді. Ұлттық құрама осы байрақты жарыстарда ел намысын қорғауы тиіс.

Жеткіншектердің басым бөлігі жарыстарға шығып, тәжірибе жинақтап қалған
Жеткіншектердің басым бөлігі жарыстарға шығып, тәжірибе жинақтап қалған

Бұл жолы Шымкенттің намысын 36 гимнасшы қорғауда

 

Ел чемпионаты спорттық гимнастиканың барлық түрінен өтіп, үміткерлер жекелей сынақта жүлде үшін таласты

Төрешілер қатары да еліміздің барлық облыстарынан іріктеп шақырылған
Төрешілер де еліміздің барлық облыстарынан іріктеп шақырылған
"Құрлық біріншілігінде бұл жеткіншектер топты жаруы тиіс" - бас бапкердің жоспары осындай
«Құрлық біріншілігінде бұл жеткіншектер топты жаруы тиіс» — бас бапкердің жоспары осындай
Шымкенттің екі гимнасшысы келесі жылға дейін әлі де бір халықаралық турнирде ептілігін сынға салатын болады
Шымкенттің екі гимнасшысы келесі жылға дейін әлі де бірқатар халықаралық турнирде ептілігін сынға салады
"Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына қатысу үшін әлі де тәжірибе жинақтау қажет"-  спорттық гимнастикадан мемлекеттік бапкер Гүлсім Мелдеходжаева
 

Бұл ел чемпионаты биылғы маусымды қорытындылайтын соңғы дода

Ел чемпионатына Қарағанды облысынан ғана қатысушылар келе алмаған
Ел чемпионатына Қарағанды облысынан ғана қатысушылар келе алмады
Жеткіншектермен қатар жастар құрамасы да мемлекеттік бапкердің сынағынан өтті
Жеткіншектермен қатар жастар құрамасы да мемлекеттік бапкердің сынағынан өтті