Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында жөндеу аяқталып, кәсіпорын өз жұмысын жалғастыра бастады. «Петро Қазақстан Ойл Продуктс» компаниясының баспасөз қызметі осындай хабар таратты.
Естеріңізге сала етейік, бұл ірі зауыт 8-қазан күні жөндеуге тоқтаған болатын. Бұл шара Қазақстан республикасы мұнай және газ министрлігімен келісілген кесте бойынша жүргізіледі. Барлық жөндеу жұмыстары зауыттың қызметін жақсартуға, оның құрал-жабдығының қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыруға және мұнай өңдеу зауытының болашақта сапалы әрі тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.