Шымкенттің футболшылары ел чемпионатында үздік танылды

230
Ақтық сынға жолдама үшін 10 команда бес күн бойында сынға түсті, фото Т.Жумабековтікі

Шымкентте білім министрлігінің қолдауымен Республикалық турнир өтті.  Жарыс бес күнге жалғасты. Еліміздің бір қатар облыстарынан 7 команда  жиналды. Сондай-ақ, оңтүстіктен де 3 команда бас жүлдеден үмітті болды. Чемпионат талабына сай командалар екі топқа бөлінді.  Турнир барысында ептілік танытқан екі команда топты жарып, ақтық сында кездесті.

Ақтық сынға жолдама үшін 10 команда бес күн бойында сынға түсті, фото Т.Жумабековтікі
Ақтық сынға жолдама үшін 10 команда бес күн бойында сынға түсті, фото Т.Жумабековтікі

 

«Локомотив» стадионының жасыл алаңында №7 футбол командасымен талдықорғандық қонақтар кездесті. Ойын тізгінін шымкенттіктер қолға алғанымен ойынның бірінші таймында есеп ашылмады. Тек матчтың екінші жартысында ғана л №7 футбол мектебінің футболшылары қақпаға гол соқты. Нәтижесінде талдықорғандық қонақтар есепті теңестіре алмай, жеңісті алаң қожайындарына сыйлады.  Жерлестеріміз биылғы маусымның өзінде осымен екінші рет чемпион атанып отыр.

 

Павлодарлық аяқдопшылар чемпиондықтан тым алыс қалды, фото Т.Жұмабековтікі
Павлодарлық аяқдопшылар чемпиондықтан тым алыс қалды, фото Т.Жұмабековтікі

Республикалық жарыста ептілігін сынға салуға 10 команда ниет білдірген. Олардың үшеуі шымкенттік команда болатын. Нәтижесінде үшінші орынды Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балаларға арналған спорт интернатының шәкірттері жеңіп алса, талдықорғандықтар күмістен алқаны тақты. Ал бас кубокты  №7 футбол мектебінің аяқдопшылары еншіледі.

Қызылордалық "Қайсар"-дың ізбасарлары турнир нәтижесі бойынша 6-ыншы орында болды, фото Т. Жұмабековтікі
Қызылордалық «Қайсар»-дың ізбасарлары турнир нәтижесі бойынша 6-ыншы орында болды, фото Т. Жұмабековтікі