Батырбек Көшербай: "Қазақстандық табиғи газ 8 ауданды қамтиды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы 929 елдімекеннің 226-ы табиғи газбен қамтылған. Соңғы он жылда 96 елдімекенге газ құбыры тартылды. Ағымдағы жылы 71 нысанның құрылысына 11,2 миллиард теңге бөлініп, 67 елдімекенді табиғи газбен жабдықтау жұмыстары мен 4 автоматты газ тарату стансаларының құрылысы жүруде.

 Батырбек Көшербай , энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы: «28 елдімекенде құрылыс жұмыстары аяқталып, табиғи газбен қамтылған елдімекендер саны 254 жетеді. 43 нысан құрылысы 2014 жылға ауысады. Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес Газли-Шымкент магистралды газ құбыры бағытындағы 419 елдімекенді 2019 жылға дейін табиғи газбен жабдықтау жұмыстары атқарылмақ.»

Ұзыната ауылы тұрғындарына табиғи газ жақында беріле бастады. Ауылдағылардың қуанышында шек жоқ, енді көмірді тонналап алудың қажеті жоқ дейді олар.

 Сүйінбай Азаматұлы, Шардара ауданындағы Ұзыната ауылының тұрғыны: «Жаз бойы сексеуіл жинайтын едік. Көмірдің бағасы арзан емес. Бұл көгілдір отынға, әсіресе, әйелдер жағы риза.»

«Газли-Шымкент» магистралды газ құбырының бірінші кезегінде сапалы газ жеткізу үшін АГРС қондырғыларының құрылысы Төлеби, Сарыағаш, Шарадара, Қазығұрт аудандарында қолға алынып, одан қамтылған елдімекендерге жобалық-сметалық құжат әзірленуде.

Батырбек Көшербай: "Қазақстандық табиғи газ  8 ауданды қамтиды
Батырбек Көшербай: «Қазақстандық табиғи газ 8 ауданға жеткізіледі

Батырбек Көшербай , энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы: «Бейнеу-Бозай-Ақбұлақ» магистралды газ құбыры толығымен іске қосылғанда облыстың 8 ауданындағы 284 елдімекеннің 767 мыңдай тұрғыны табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.»

«Бейнеу-Бозай-Ақбұлақ» магистралды газ құбырының бірінші кезеңі іске асқанда Оңтүстік халқына 6 миллиард текшеметр газ жеткізілетін болады. Айта кету керек, қазіргі таңда облыстың табиғи газды тұтыну көлемі 1,89 миллард текшеметрді құрайды.