Шымкентте аз қамтылған азаматтар газға жеңілдіктер алады

45

Шымкентте атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алатын аз қамтылған азаматтарға тауарлық газға жеңілдіктер алуға мүмкіндік беретін пилоттық жоба басталды. Бағдарлама «QazaqGaz Aimaq» АҚ жүзеге асырылады және азаматтар eGov Mobile қосымшасының басты бетіндегі «Әлеуметтік әмиян» сервисінде тауарлық газға жеңілдікті пайдалана алады.

Атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алатын шымкенттіктер тауарлық газға жеңілдік ала алады. «QazaqGaz Aimaq» пилоттық жобаны іске қосты. Шымкент қаласының тұрғындары EGOV Mobile қосымшасының басты бетіндегі «әлеуметтік әмиян» сервисі арқылы тауарлық газға жеңілдікті пайдалана алады.

Демеу Сейтжанов, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ маркетинг және цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры: «Жобаның негізгі мақсаты – атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алатын азаматтар үшін газға жеңлдік қолдану процесін жеңілдету. Пилоттық жобаның мерзімі 5 ай болады. Желтоқсаннан сәуір айына дейін. Жобаның артықшылықтары – әлеуметтік және көмек алушылар үшін ыңғайлы және қарапайым процесс істеу. Екіншіден, тауарлық газға жеңілдік беру процесін цифрландыру және бюрократиядан арылту. Үшіншіден, табысы төмен азаматтар үшін қаржылық жүктемені азайту».

Атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алатын азаматтар 1414 нөмірінен «QazaqGaz Aimaq» АҚ абоненттеріне тауарлық газға ваучер түріндегі жеңілдік қолжетімді екендігі туралы SMS-хабарлама алады. Ваучерді «Әлеуметтік әмиян» қызметінде қосу қажет.

Ержігіт Балқыбеков, «Әлеуметтік әмиян» АЖ жобасының менеджері: «Біздің процесіміз максималды жеңілдетілген тұтынушыларға оңай болсын деп. Ешқандай толықтыратын құжаттарды қажет етпейді. Тұтынушының есеп счеты болса ғана болды. Соның негізінде ваучер беріліп, скидка берілетін болады азаматтарға».

Жеңілдік мөлшері газ үшін есептелген соманың 24% — на дейін жетуі мүмкін. Жеңілдік Шымкент қаласының әкімдігі бекіткен нормалар шегінде тұтынылған газ көлеміне айына 631 м3 берілмек.

Демеу Сейтжанов, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ маркетинг және цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры: «Алдын ала көмек алатын кісілерге өздеріне, әкімшілікке немесе QazaqGaz филиалдарына келудің қажеті жоқ. СМС өзі келеді».

Бастама мемлекет басшысының Жолдауы аясында 5 ай көлемінде жүзеге асырылады.
Жоба президенттің мемлекеттік қолдаудың шын мұқтаж азаматтарға бағытталуының маңыздылығын атап көрсеткен тапсырмасына сәйкес орындалуда. Толыққанды ақпарат пен бейне-нұсқаулықты 5169 қысқа сенім нөмірі бойынша немесе aimaq.kz сайтынан алуға болады.