Шымкенттің студенттері түн кезіп, қыдыруға құмар. Олардың көбісі білім алудың орнына сайран салады. Соның салдарынан қалада жастар арасындағы қылмыс саны артып отыр. Абай полиция бөлімінің қызметкерлері осындай жаға ұстатар фактіні әшкереледі. Тәртіп сақшылары таяуда жүргізген рейд барысында түнгі клубта отырған 30-дан аса студентті анықтаған.

Таяуда Гагарин көшесіндегі түнгі клубтың шырқы бұзылады. Мұнда белгісіз жігіт 3 бірдей құрдасын пышақтап тастаған. Суыт хабар бойынша оқиға орнына келген полиция қызметкерлері зал толы студенттердің үстінен түсті. Сұрастыра келе олардың барлығы жасы 18-ге енді толған студенттер болып шыққан.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=SJVu21IQuwU[/youtube]

Ерғали Сүлейменов, Абай полиция бөлімі бастығының орынбасары: «Түнгі уақытта рейд жүргізу барысында анықталғаны – осы түнгі клубтарға келетін азаматтардың көбісі студенттер. Соның арасында жиі кездесетіні – Авиценна колледжінің студенттері болып отыр.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=7XY6ofsh1sw[/youtube]

Осы келеңсіздіктің алдын алу үшін тәртіп сақшылары оқу орындарының басшылығына ұсыныс-хат жолдамақ. Онда студенттерді тәртіпке салу ісі қолға алынады. Бұған қоса түнгі клубтардың мәселесін май шаммен қарау үшін құзырлы органдарға ұсыныс жасалады.

 Ерғали Сүлейменов, Абай полиция бөлімі бастығының орынбасары: «Қазіргі таңда Абай полиция бөлімінің басшылары қылмысты жасауға, заң бұзушылыққа ықпал ететін жағдайдың алдын алу үшін құзырлы органдарға ұсыныс жолдады. Онда осы екі түнгі клубтың жұмыс кестесін шектеу немесе жұмысын тоқтату ұсынысы жасалады.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=wFDqA0f7osI[/youtube]

Айта кету керек, соңғы 2 айдың ішінде аты аталған екі клубта 50-ге жуық тәртіп бұзушылық орын алған. Соның 11-і ұрлық болса, 21 рет жастар бұзақылық жасаған. Қазіргі таңда күідктілердің үстінен қылмысты іс қозғалды.