Түркістан қаласының әкімі: "Түркістанға келушілерге жағдай жасалады"

Түркістан қаласының әкімі Бақытжан Әшірбеков БАҚ өкілдері алдында 9 айда атқарылған жұмыс бойынша есеп берді. Соңғы 20 жылда қала халқының саны 250 мың адамға жеткен. 46 ұлттың өкілі мекендеген өңірде 12 ауылдық округ бар. Қаланың батыс бөлігінде 103 гектар жерде индустриалды аймағы құрылды.

Қазіргі таңда бұл жерге автожол, теміржол тұйығы, кәріз жүйесі, электр қуатының желісі және де өзге инфроқұрылымдар салынуда. Жақында өткен форумда шетелдің және өңіріміздің кәсіпкерлері кәсібін жүргізуге ниет білдірді. Еңбекқор түркістандықтар 7 миллиард теңгенің өнімін өндіріпті. Жылдың соңына дейін 3 жоба жүзеге асады деп жоспарлануда.

Түркістан қаласының әкімі: "Түркістанға келушілерге жағдай жасалады"
Бақытжан Әшірбеков: «Түркістанға келушілерге жағдай жасалады»

Бақытжан Әшірбеков, Түркістан қаласының әкімі: » Қазіргі таңда қалада 5 білім нысаны салынуда. «Балалан» бағдарламасы аясында биыл 2 ғимарат сатып алынып, пайдалануға берілді. Жылдың соңына дейін 120 орындық бір балабақша іске қосылмақ. Денсаулық сақтау саласы бойынша 3 елдімекенде ФАП ашылды. Одан бөлек, республикалық бюджеттен 200 төсектік көпбейінді балалар ауруханасының құрылысы және аусымына 500 адам қабылдайтын қалалық емхана салынуда.»

Түркістанда туризм саласын дамыту соңғы жылдары қарқын алған. Қалада тарихи-мәдени этнографиялық орталық бой көтерген. Сауран қалашығына баратын жол мен тарихи орынның инфроқұрылымы қалыптастырылса, Үкаша ата, Гаухар ана кесенелеріне баратын жол салынуда. Қасиетті Түркістанға келушілердің саны 700 мыңға жеткен. Зиярат етушілер мен туристерге арналып, 200 орындық турыистерге қызмет көрсету орталығы салынуда.

Халық қолөнер шеберлері ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Туризмді дамыту мақсатында арнайы бағдарлама жасалуда. Бұл  игі бастамалардан хабардар болған тілшілер Яссауи кесенесі жанындағы әжетханалардың жұмысына қатысты сын айтқанда, әкімдер әжетханалардың санитарлық жағдайын өз бақылауыма аламын деп уәде берді.