Úı ANONS 67 жастағы марокколық саяхатшы мотоциклмен Түркістанға жетті

67 жастағы марокколық саяхатшы мотоциклмен Түркістанға жетті

фото ТОӘБҚ
Бүгін киелі Түркістан қаласына мотоциклмен бірнеше елді аралап өткен 67 жастағы Марокко азаматы табан тіреді.
Шексіз саяхатқа құлшыныс пен рухани ізденіс жетелеген ардагер саяхатшының басты мақсаты – әр елдің тарихымен, мәдениетімен танысып, жергілікті халықпен тілдесу. Түркі әлемінің рухани орталығы саналатын Түркістанға арнайы келу болған. Ол Қожа Ахмет Ясауи кесенесін және басқа да тарихи-мәдени нысандарды тамашап, тарихымен танысты. Оның айтуынша, Түркістан – тек тарихтың емес, рухтың да мекені.
Саяхатшы мотоциклімен Еуропаның бірнеше елін, сондай-ақ Түркия, Грузия және Әзербайжан елдерін аралап өтті. Каспий теңізі арқылы Қазақстанға жетіп, Ақтау, Ақтөбе және Арал қалаларында болған.
«Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы шетелдік саяхатшыны құрметпен қарсы алды. Ұлттық тағамдардан дәм татқызып, өңір тынысымен таныстыруда.