Тұрғындар коммуналшыларға өкпелі

257
Тұрғындар көшеден жүріп-тұра алмай қалған

Құлақ сұраймыз деп мүйізден айырылдық. Қазығұрт шағынауданындағы Сәулетші көшесінің тұрғындарының коммуналшыларға деген өкіпесі қара қазандай. Ашуға бұлыққан жұрт бүгін айқай шығарды. Көгілдір отын мен ауызсу жүйесін жүргізген құрылысшылар көшенің ойдым-ойдымын шығарып кеткен.

 

Тұрғындар көшеден жүріп-тұра алмай қалған
Тұрғындар көшеден жүріп-тұра алмай қалған

Үш жылдан бері сағыздай созылған жолдың бүгінгі сиқы осындай. Жауапты мекеме газ бен суды жүргізіп, жолды қалпына келтірмей кеткен. Енді жауынды күні тобықтан балшық кешкен тұрғындар құрылысты жүргізген мердігер копманияның өз міндетін аяғына жеткізуін талап етіп отыр.

 

Сәулетші көшесінің бүгінгі сыйқы - мынау
Сәулетші көшесінің бүгінгі сыйқы — мынау

Күздің жауыны мен алдағы қыстан қауіптенген тұрғындар арызданып бармаған жері жоқ. Алайда, қарашаның қапалығын тыңдайтын құлақ болмапты. Ақыры сабыры таусылған жұрт аттай тулап, арнамызға арызданған соң ол жерге келеген «атқа мінерлер» бір аптаның ішінде толықтай жолдың жұмыстарын бітіреміз деп уәде етті.

 Нұржан Акимов, «Қазығұрт» шағынауданының су- ресурстары жүйесінің учаскелік басшысы: «Су ресурстары маркетингі біз заказчиктерміз, бұл жерде ИП «Амиров» деген мердігер жұмыс жасаған, ауа-райның қолайсыздығына байланысты лай болып жатыр. Қазған жерін көміп, тас төсеп беруге міндетті. Қазіргі таңда уәде беріп отыр, жексенбі күнге дейін орнына келтіретініне».

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=ynl9tHTgGwk[/youtube]