Халық күйшісін еске алу кеші өтті

452
Жас күйші

Ақнұр Ерғали өз өнерімен алтын ұясының намысын қорғап жүрген қарлығашы. Бала күнінен анасының домбырада ойнағанын естіп өскен Ақнұрдың өнер жолына келуі заңды. Нәзір Төреқұов атындағы мектебінің 10 сыныбында оқитын жас күйші болашақта дәстүрлі өнердің дамуына ат салысып, ұлтының мақтанышына айналған Дина Нүрпейісовадай күйші болуды армандайды.

Жас күйші
Жас күйші

Ақнұр Ерғали, жас күйші: «Домбыраға 4 сыныптан қатысып келемін. Болашақта өнердің дамуына ат салыссам деймін. Бүгін қазақ музыка өнеріндегі алып Ықыластың 170 жылдығында өнер көрсету құрметіне ие болдым».

Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында күйші, халық композиторы Ықылас Дүкенұлының 170 жылдық мерейтойына орай шығармашылық кеш өтті. Күйшінің «Кертолғау», «Ерден», «Жарым патша» атты сияқты күйлерінде өмір сүрген ортаның қоғамдық әлеуметтік көріністері бейнеленген компазициялары қалды. Халық композиторларының құрметіне қаламыздағы бірнеше мектептердің жасөспірім өнерпаздары қос ішектен күй құдіретін асқақтатты.

Шара аясында жас өнерпаздар кітапхана атынан арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Әнін тыңдап, күйін ұғып, салтына басын иген жастарымен ел болашағы қашан да жарқын.