Жеке кәсіпкер табыс салығын төлеуге міндетті

808
Патент негізінде жұмыс істейтін кәсіпкерлер табыс салығын төлеуге міндетті

Енбекші ауданы бойынша салық басқармасы атқарылған жұмыстарды қорытындылауда. Мемлекеттік бюджетке түсетін салықтар бойынша он айдың жоспары 25 миллиард 300 миллион болса, бүгінгі күні қазынаға 29 миллиард 900 миллион теңге түсті. Жоспар 106 пайызға орындалып отыр. Олардың ішінде республикалық бюджетке 13,7 миллиард жергілікті бюджетке 11,3 миллиард түскен.

Қанат Төлендиев: Міндетті  салық төлемдерін мерзімінде төлеген дұрыс
Қанат Төлендиев: «Міндетті салық төлемдерін мерзімінде төлеген дұрыс»

Қанат Төлендиев Еңбекші ауданы бойынша салық басқармасының басшысы: «Ең басты көрсеткіш салық түсімі — мемлекеттік бюджетке  былтыр 18,7 миллиард түссе, былтыр  8,2 миллиардқа артық түсіп, өсім  144 пайызды құрады. Мұндай жоғары көрсеткішке  үйлестіру және ұйымдастыру жұмыстарының  арқасында жетіп отырмыз. Түрлі тексерулерден бөлек түсіндіру жұмыстары және оқу семинарларын өткіздік.

Базарлардан да салық түсімдері қазынаны толықтыруда. Еңбекші ауданында он шақты базар жұмыс істеуде. Онда 1901 жеке кәсіпкер тіркелген. Олардың басым бөлігі патент негізінде жұмыс істеуде

Қанат Төлендиев, Еңбекші ауданы бойынша салық басқармасының басшысы: » Патент негізінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлерлерден  өзгелері  кассалық-бақылау аппараттарын  орнатуы тиіс. Чек  бойынша  тұтынушылар сатып алған тауарының бағасын білетін болады. Егерде тауардың тұтыну мерзімі  аяқталған, не тауар сапасыз болса,  сатып алушы чек негізінде ақшасын қайтарып алады».

Салықшылардың жұмысын бағалайтын көрсеткіштердің бірі салық берешегінң деңгейі . Өткен жылдың қаңтар айында салық берешегі 1 миллиард 497 миллион теңгені құраса , биыл ол көрсеткіш 705 миллион теңгені құраған. Салық берешегі 53 пайызға төмендеген.