«Өнерлі қырандар» аула клубы ашылды

565
Домбыра үйірмесінің қатысушылары

Шымкенттегі Тельман бөлімшесінің балдырғандарын «Өнерлі қырандар» аула клубы шақырады. Мұнда олардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін домбыра, каратэ-до және жас табиғатшылар үйірмесі жұмыс істейді.

Аула клубының ашылу салтанатына балалар көптеп жиналды
Аула клубының ашылу салтанатына балалар көп жиналды

Тәуелсіздік күні қарсаңында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен ашылған аула клубының іші — мұнтаздай таза әрі жылы. Үш бөлмелі  ғимарат мектеп жасындағы 180 оқушыны қамти алады.

Домбыра үйірмесінің қатысушылары

Ата-аналар мен балалардың қуанышын бөлісуге келген Абай ауданының әкімі аула клубын салтанатты түрде ашып берді. Тельман бөлімшесінде тұратын тұрғындар балаларының бос уақыт ұтымды өткізіп, музыкалық, актерлік, спорттық, экологиялық және би үйірмелеріне тегін қатыса алатындарына риза.

Каратэ үйірмесі

Абай ауданының әкімі Ахмет Татыбаев аудан аумағында дәл осындай жеті аула клубы ашылатынын жеткізді. Біріншісі — осы Тельман бөлімшесінде болса, екіншісі Тұрлан экспедициясында ашылады. Қала әкімінің тікелей тапсырмасымен алдағы уақытта аула клубтарының жалпы саны жетіге дейін жетеді.